spot_img
Жексенбі, Мамыр 17, 2026
24.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа пәтерлердің кілттері табысталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Ақмола облысында 31 отбасы қоныстойын тойлады. Әлеуметтік осал санатқа жататын тұрғындарға жаңа жалдамалы пәтерлердің кілттері берілді.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев Зеренді және Сандықтау аудандарынан шыққан толық емес отбасыларға, жетім балаларға және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға 20 пәтердің кілтін табыстады. Ал Бурабай ауданында тағы 11 отбасына пәтер кілттерін облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова тапсырды.

«Пәтер кілттерін табыстау – жүйелі жұмыстың нәтижесі. Президенттің тапсырмалары әлеуметтік саясаттың басымдықтарын нақты айқындайды – бұл мемлекет тарапынан ерекше қолдауды қажет ететін азаматтарға қамқорлық көрсету. Соңғы екі жылда СУСН санатындағы 5 мыңнан астам ақмолалық отбасы баспанамен қамтылды. Бүгінгі іс-шара – қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған Мемлекет басшысы саясатының нақты көрінісі», – деді Досұлан Айтбаев.

Жаңа үйлер тұрғын үйдің сапасы мен жайлылығына қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып салынған. Пәтерлер кең әрі жарық, үлкен терезелері мен тұрғын аймақтардың ыңғайлы жоспарлануымен ерекшеленеді.

Щучинск қаласында қоныстанушылар «Атамекен груп» тұрғын үй кешенінен таза әрлеумен берілген пәтерлерге ие болды, ал Бурабай кентінде әлеуметтік нысандарға жаяу қолжетімді жерде орналасқан «Табиғат» тұрғын үй кешенінен пәтерлер тапсырылды. Зеренді ауылындағы жаңа үй елді мекеннің қақ ортасында салынған.

Баспана алғандардың қатарында Бурабай кентінің тұрғыны, көпбалалы ана Ділбара Жүсіпова бар. 7 баласы бар отбасы ауданы 100 шаршы метрден асатын үш бөлмелі пәтерге қол жеткізді.

«Төбесі биік, кең әрі жайлы пәтер үшін мемлекетімізге алғысым шексіз. Енді балалардың әрқайсысының өз бөлмесі болады», – деді Ділбара Жүсіпова.

Айта кетейік, Сандықтау ауданының Балкашино ауылында 16 пәтерлі тұрғын үй әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды қолдауға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында пайдалануға берілген екінші тұрғын үй кешені болды.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика