spot_img
Жұма, Маусым 19, 2026
29.8 C
Kokshetau

Олжас Бектенов қауіпсіз еңбек жағдайының сақталуына қатаң бақылау жүргізуді, кәсіпорындардың цифрлық картасын енгізуді тапсырды

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысы жариялаған жұмысшы мамандықтарын іске асыру мәселелері жөніндегі Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың жұмысшы кадрларды қолдау шаралары туралы баяндамасын тыңдап, еңбек заңнамасының, еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігінің сақталуына бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.

«Кәсіпорындарда еңбек дауларына жол бермеу үшін алдын алу шаралары қабылдануға тиіс.
Сізге жұмысшылардың қауіпсіз еңбек жағдайларының сақталуына қатаң мониторинг жүргізуді, соның ішінде кәсіпорындардың цифрлық картасын енгізуді тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Салалық министрліктерге лайықты еңбек қағидаттарын ілгерілету және тиісті конвенцияларды ратификациялау үшін Халықаралық еңбек ұйымымен өзара тығыз іс-қимылды қамтамасыз ету тапсырылды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазановтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика