spot_img
Сәрсенбі, Маусым 10, 2026
15.8 C
Kokshetau

Аят Сералиев: «Бұл менің ғана ерлігім емес, ұжымның еңбегі»

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы ТЖД Астрахан аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің құтқарушысы Аят Сералиев көктемгі су тасқыны кезінде көрсеткен ерлігі үшін Jibek Joly телеарнасының «Жақсы адам-2024» сыйлығын жеңіп алып, 1 миллион теңгенің ақшалай сертификатымен марапатталды. Марапатты ҚР ТЖ вице-министрі Кеген Тұрсынбаев табыстап, құтқарушының қайсарлығы мен жанқиярлығын жоғары бағалады. Өз өміріне қауіп төндіріп, Аят 32 адамды құтқарып, ондаған жануарларды эвакуациялауда ерекше ерлік көрсетті. Оның батылдығы мен адамгершілігі көпке үлгі болып отыр.

«Бұл менің ғана ерлігім емес, барлық ұжымның еңбегі. Көктемгі су тасқыны кезінде жұмыс істеген барлық жігіттердің еңбегі. Менің еңбегімді бағалап, елеп отырғанына алғыс білдіремін», – деді марапатталушы.

Аяттың жасаған ерлігі тек оның батылдығын ғана емес, сондай-ақ халықтың қауіпсіздігін қорғауға деген адалдығын да дәлелдейді. Осындай жандардың арқасында елімізде қауіпсіздік деңгейі жоғары болады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

LRT ҚОСШЫҒА ДЕЙІН: ҚАЛАНЫҢ БОЛАШАҒЫН ӨЗГЕРТУІ МҮМКІН ЖОБА

Қосшы қалалық мәслихатының депутаты Динара Райханованың айтуынша, LRT желісінің екінші кезеңі тұрғындардың Астанаға тез әрі ыңғайлы қатынауына мүмкіндік беріп...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика