spot_img
Жексенбі, Мамыр 17, 2026
16.6 C
Kokshetau

10 жасар Артур батыр Төтенше жағдайлар министрлігінің медаліне ие болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетаулық Артур Гаитов өрт кезінде көрсеткен қайсарлығы үшін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің медаліне ие болды.

Кез келген бала өрт кезінде мұндай ерлікке бара бермейді. Артур Гаитов үйінде өрт пайда болған кезде абдырап қалмай, ересек адамша тиісті әрекеттерге көшкен. Төтенше жағдай орын алғанда ол бірден үйдегі электр қуатын өшіріп, өрт сөндірушілерді шақырған, кейін бір жасар інісін қолына алып, терезеден шығып кеткен. Футбол ойнап аяғын жарақаттап алған ол сол кезде гипспен жүріпті.

–Мен шыға беріс жақтан бір дыбыс естігендей болдым. Жүгіріп барып қарасам, өртеніп жатыр екен. Бөлменің есігін жаба сала, түкпір бөлмеге барып, электр қуатын өшіріп, өзімнен кіші інімді алып, терезеден секіріп далаға шықтым, –  дейді жас батыр.

Артурға төтенше жағдайлар министрігінің «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалін Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Асхат Акильжанов табыстады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика