spot_img
Дүйсенбі, Қазан 7, 2024
11.6 C
Kokshetau

Көкшетаулық оқушы The University of Hong Kong грантына ие болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетаудағы NIS оқушылары әлемнің жетекші оқу орындарынан шақырту ала бастады. Олардың қатарында мектептің 12-сынып оқушысы Расул Мейрам да бар. Ол The University of Hong Kong (HKU) толық грантына ие болды. 100 жылдық тарихы бар университет 2024 жылғы QS рейтингінде 26-орынға тұрақтады.

  • Мен бұл оқу орнын бірнеше маңызды себептерге байланысты таңдадым. Біріншіден, HKU-дің сапалы білім беру бағдарламалары маған бакалавриаттан кейін де оқуымды жалғастырып, мақсаттарыма жетуге сеп болады. Екінішден, HKU студенттерінде «Research Projects», «Summer Research Fellowships» сияқты зерттеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктері бар, – деп бөлісті Расул.

Зияткер бұндай жетістікке өзінің жоғары академиялық көрсеткіштерінің және ғылыми жобалар мен түрлі байқаулардағы жеңістерінің арқасында жетті. Соңғы екі жылды есепке алғанда, оқушының GPA көрсеткіші – 5.0, IELTS – 7.0, SAT – 1480.

Айта кетейік, 11-12-сыныпта оқушы Индонезияда өткен «Жастардың Халықаралық ғылыми жәрмеңкесінде» алтын медальға, «Shoqan Ecology-2023» экологиялық форумында 1-орынға ие болды. Сондай-ақ Қытайда өткен “7th Belt and Road” педагогтер мен оқушылардың семинарына қатысты. Ол өз сыныптастарымен ауыл шаруашылығы алқаптарының сапасын бақылауға мүмкіндік беретін құрылғы ойлап тапты. Расул биология ғылымына бала кезінен қызығушылық танытқанын айтады:

  • Биология менің өміріме тікелей әсер еткен дүниелерді түсінуіме алып келді. Тіпті, осы ғылымның арқасында мен аллергиямның не себептен болатынын да анықтадым. Биологияны тереңірек зерттеген сайын әлемді түсініп қана қоймай, өмірлік қиындықтарды да шешуді үйрендім, өзіме деген сенімділігім артты.

Мектеп қабырғасындағы ізденістері оқушыға жоғары оқу орнындағы білім беру бағытын айқындауға да көмектесті. Расул «Ғылым бакалавры» білім беру мамандығын, ал оның ішінде «Молекулярлық биология және биотехнологияны» таңдамақ:

  • Молекулярлық биология барлық биологиялық үрдістердің негізі. Оның биотехнологияда қолданылуы диагностикалық тестілерден бастап түрлі ауруларды емдеуге дейін мүмкіндік береді, – дейді.

Расул The University of Hong Kong-те білім алу арқылы нағыз ғылымның мүшесі болуды көздейді. Бұл жолда оған құзіретті профессорлар мен озық оқу орнының бағдарламалары көмектесетініне сенеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АҚМОЛАЛЫҚ ПЕДАГОГ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІМЕН БӨЛІСТІ

Көкшетау қаласының №19 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Муханбетжанова Аксауле бастауыш сыныптарда математиканы оқыту ерекшеліктерін,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img