spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 1, 2024
2.9 C
Kokshetau

Әрбір азамат, әрбір отбасы мемлекеттің қамқорлығында болады – Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ...оқыңыз

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды.

Біз су тасқыны салдарынан болған барлық шығынды өтейміз. Әрбір азамат, әрбір отбасы мемлекеттің қамқорлығында болады. Бұл – мен үшін басты міндетІ
**************
ӘКІМНІҢ ҚОЛЫНАН ЖАҢА ПӘТЕРДІҢ КІЛТІН АЛҒАН АНА ҚУАНЫШЫ

Көкшетауда қар суынан зардап шеккен тұрғындарға жаңа пәтерлер тапсырыла бастады.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов үйлерін су алып, жарамсыз болып қалған көпбалалы отбастарына пәтер кілттерін тапсырып, Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен мемлекет тарапынан зардап шеккендерге қамқорлық пен көмек жасаудың барлық шаралары біртіндеп жүзеге асырыла бастағанын атап көрсетті.
****************
****************
Көкшетау қаласын қақ жарып ағатын Қылшақты өзені биылғы көктемде мінез танытты.
Жаз болса суы тартылып, арнасы құрғап қалатын Қылшақты өзені қар суына лезде толып, арнасынан да жағасынан асып-тасып, төгілгені бар.
Сол төгілген бойы маңайындағы тұрғын үйлерді су алды. Жедел шара қолоданылып, сол су алған үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерлерге көшіріліп, әбігершілік болғаны да анық,
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов штабтың жұмысын өзі басқарып, шыққан шығындарды жедел есептетіп, тиісті көмек көрсетуді өз бақылауына алған-ды.
Енді міне, тұрғын үйлері судан жарамсыз болып қалған Көкшетау қаласының алғашқы тұрғындарына жаңа пәтердің кілттері де тапсырыла бастады.
«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев судан зардап шеккендерге қамқорлық жасауды өзі бақылап отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен біз Ақмола облысы бойынша тасқын судан тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, оларға барлық жағдай жасау үшін үлкен жұмыстар атқарып жатырмыз. Бүгін міне, пәтер тапсырудың да сәті туып отыр. Енді мұндай апат болмасын, осы пәтерлеріңізде тек қуаныш болсын,- деп облыс әкімі Марат Ахметжанов ең әуелі көпбалалы отбасы болып саналатын Қапаровтар мен Никулиндерге жаңа пәтердің кілттерін табыс етті.
Бір атап өтерлігі сол, Мемлекеттік қордан бөлінген бұл алғашқы пәтерлерді тұрғындар өздері таңдап алды. Пәтер тұрмысқа қажетті бар дүние-мүлікпен толық қамтамасыз етілген.
Көпбалалы ана Сәуле Қапарова:
-Еліміздегі су тасқынының жағдайын біліп отырмыз.Президентіміздің судан зардап шеккендердің бірде-бірі қамқорлықсыз қалмайды деген сөзі көңілімізді орнықтырып, сенімімізді нығайта түсті. Біз үшін пәтер алу үлкен қуанышІ Әсіресе балаларымыз қуанып жатыр. Президентке де, Сізге де үлкен рахмет, – деді көпбалалы Сәуле Қапарова.
Тұрғындармен кездесу кезінде, сөз арасында облыс әкімі Марат Ахметжанов Президенттің тапсырмасына сай Ақмола облысында тасқыннан зардап шеккендерге барлық қажетті қолдау көрсетіліп жатқандығын, тұрғындардың дүние- мүліктерін қалпына келтіру бойынша барлық шаралар қолданылып жатқандығын атап айтты.
Әкімнің айтуынша облыста шығындарды өтеу және жою жөніндегі жұмыстар тұрғын үй қатынастары туралы қолданыстағы заңнама аясында жүргізілмекш.і
Күні кеше облыс орталығы Көкшетау қаласының 174 отбасы
65 миллион теңгеден астам біржолғы төлем алды. Сондай-ақ, шығындарды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия 12 отбасына 8 миллион теңгеден астам өтем жасауға шешім шығарды.
Суға кеткен тұрғын үйлердің жарамдылығын анықтау үшін техникалық тексеру жүргізіліп жатыр.
————–
R.S.Осы аптаның екінші күні облыс әкімі Марат Ахметжанов су алып, айнала жағалаудан байланысы үзіліп қалған Жарқайың ауданындағы Үшқарасу ауылына қайықпен барып, ауыл тұрғындарымен кездесіп, қалыптасқан жағдайды көріп қайтқан болатын.
Үшқарасудың халқы әзірге ешнәрседен тарығып отырған жоқ Азық-түлік, ауыз су және дәрі-дәрмек бар. Үшқарасулықтар сабыр сақтап, өз тіршіліктерімен айналысып жатыр. Сол ауылға қайықпен барған кезінде Марат Ахметжанов судың ортасында қалып құлап жатқан бағаналарды су қайтқаннан кейін қалпына келтірілетіндігін, әзірге Алматыдан екі бірдей дизель моторларын сатып алынғандығын айтқан болатын.
Үшқарасуда қазір сол дизельдер орнатылып жатыр.
*
Қараөткелдің өткел бермес қызыл суының беті қайта да бастады!…

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов ақмолалықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, су тасқыны кезінде белсенділік танытқан азаматтарды марапаттады

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шарада құттықтау сөз сөйлеп, су тасқыны кезінде белсенділік...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img