spot_img
Жексенбі, Қазан 6, 2024
13.2 C
Kokshetau

Аршалы ауданындағы су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Жібек жолы ауылының №6 шағын ауданының маңында еріген су деңгейінің жоғарылауына байланысты тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады.
Жер білігін тұрғызу және нығайту жұмыстарын жалғастыру үшін жергілікті атқарушы органдар дереу 18КамАЗ, 13 тиегіш және 6 экскаватор мен бульдозер мөлшерінде күштер мен құралдарын жұмылдырған болатын.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 9 сәуірінде Қарағанды қаласы ТЖД 30 адам және 1 бірлік техника күштері мен құралдары, сондай-ақ ҚР ТЖМ 52859 ӘБ 21 адам, 1 бірлік техника және Астана қаласынан 6636 ҚР ҰҰ 70 адам, 2 бірлік техника келді.
2300 тонна инертті материал әкелінді, 35 мың қап дайындалып, төселді.

Су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізу үшін жергілікті тұрғындардан 200 адам мен 55 еріктілер де көмекке келгенін атап өткен жөн, сондай-ақ олар әскери қызметшілер мен құтқарушыларға ыстық шай мен ыстық тамақ әзірлеп алғыстарын білдірді.
Су тасқынына қарсы жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ Аршалы ауданының ТЖБ тұрақты бақылауында.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент ұсынған реформалар жергілікті басқарудың сапасын арттырады – Дастан Әкімов

Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының II республикалық форумында сөз сөйледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде мәслихаттың мемлекеттік биліктің өте...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img