spot_img
Сейсенбі, Сәуір 30, 2024
4.8 C
Kokshetau

«WORLDSKILLS AQMOLA– 2024» жұмысшы мамандықтарының өңірлік чемпионаты 400-ге жуық қатысушыны қарсы алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында 10 сәуірден бастап 19 сәуірге дейін «WORLDSKILLS AQMOLA– 2024» өңірлік кәсіби шеберлік байқауы өткізілуде.

Аталмыш іс-шара жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру, экономиканың өндірістік секторына жас кадрларды тарту және халықаралық талаптарды ескере отырып, кәсіптік білім берудің біліктілік стандарттарын жетілдіруге ықпалын тигізеді.
Конкурс Ақмола облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен өтпек.
Өңірлік кәсіби шеберлік конкурсының 11 алаңында 63 құзыреттілік бойынша 16 жастан 22 жасқа дейінгі 400-дей қатысушы бақтарын сынайды.

Олар «Құрылыс және құрылыс технологиялары», «Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар», «Өндірістік және инженерлік технологиялар», «Өнер және дизайн», «Әлеуметтік және жеке қызметтер», «Көлік және логистика», «Білім беру», «AgroSkills», «AbilimpiksSkills» бағыттары бойынша бақ сынайтын болады.
Биыл алғаш рет қатысушылар «Сандық модельдеу», «Зоотехния», және «House-master» құзыреттер бойынша жарысады.

«Ветеринария», «Зоотехния», «Құтқару жұмыстары» және «Хореография» құзыреттіліктері бойынша өңірлік чемпионатқа Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан және т.б. облыстарының қатысушылары шақырылады.
WorldSkills конкурсының өңірлік кезеңінде әрбір құзыретілік бойынша бірінші орын алған жеңімпаздар «WorldSkills Kazakhstan – 2024» Ұлттық чемпионатына қатысады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Достық пен татулықтың ордасы

Қаламыздағы «Достық және шығармашылық үйі» 2005 жылы ашылып, қалада құрылып жатқан этно-мәдени бірлестіктер мен ұлттық орталықтардың келісімі мен татулығының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img