spot_img
Бейсенбі, Қазан 24, 2024
4.2 C
Kokshetau

Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек жалғасуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласында су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау қолға алынған болатын. Бүгінде облыстық «Жастар-ресурстық орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің жанындағы «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт-кеңсесі, «Biz Birgemiz Qazaqstan» қоғамдық қорының қолдауымен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Волонтерлік желісімен бірлесіп, өңірімізде орын алған су апатынан зардап шеккен тұрғындарға осы гуманитарлық көмекті тарату жұмыстарын бастады.

Нәтижесінде ұзақ мерзімде сақтауға болатын азық-түлік пен тұрмыстық химия, гигиеналық керек-жарақтар зардап шеккен 20 отбасыға таратылды.

Облысымызда  «Қазақстанның Қызыл Жарты Ай» қоғамдық бірлестігі Ақмола облысы бойынша филиалы облыстық жастар-ресурстық орталығымен бірлесе отырып, гуманитарлық көмек қабылдау пунктін ашқан.

–Ол жерге киім-кешек, гигиеналық заттар және тұрғындарға басқа да керек-жарақты жинаудамыз. Тапсыратын киімдер таза немесе жаңа болуы тиіс, – дейді өз сөзінде «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт-кеңсесі басшысының міндетін атқарушы Дидар Хамзин.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстансаяхаттауға арналған ең үздік елдердің бірі деп жариялады

Достар, сүйінші жаңалық! Әлемдегі жетекші баспа Lonely Planet Қазақстанды жыл сайынғы Best in Travel 2025 рейтингінде саяхаттауға арналған ең...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img