spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Көкшетаулық мамандандырылған тергеу сотында 35 іс мемлекеттік тілде қаралған

Сондай-ақ...оқыңыз

Тіл — ең асыл құндылық.

Қазақ тілі — қазақ халқының басты рухани байлығы. Әр халық үшін тіл маңызды құндылық. Біздің ата-бабамыздан қалған баға жетпес мұра. Тілден құдіретті, бағалы қасиет жоқ. Жарық дүниеге келген сәби бұл әлемді қай тілмен таныса, сол тіл ол адам үшін қымбат. Себебі, сол тілмен ой өрісі дамып, көкірегі ашылып, көңілі небір жақсы сезімдерді тұшып, жүрек тұңғиығында сараланады. Себебі сол тілмен алғашқы өмірде нәр беретін нұрлы асыл сөздерді атайды. Сәбидің алғашқы ана-әке, ата-әже деген аяулы сөздері өмірді тану құлшынысының бастамасы. Тіл отбасылық қарым-қатынас қана емес, ол қоғамдық дамудың маңызды сатысы.
Ұлттың болашағы – оның ана тілінде. Тіл – әрбір ұлттың мақтанышы, жан дүниесінің айнасы. Ол- ең ұлы, тамаша тіл. Қазақ тілі — мемлекеттік тіл.
Тіл – оны жасаушы халықтың тарихы, шежіресі, бүкіл өмірінің жаңғырығы мен ізі, арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні болатын болса, осы құндылықтардың бәрін заманнан заманға, адамнан адамға жеткізуші — бүгінгі ұрпақ.
Бүгінгі таңда отбасындағы ұрпақ тәрбиесі- қоғамның бар саласына қатысты мәселе. Өйткені бүгінгі шағын отбасы – ертеңгі үлкен мемлекет. Мемлекеттің тізгіні сенімді адамның қолында болу үшін, ұрпаққа саналы білім қажет. Адам көп тіл білгеннен зиян көрмейді. Керісінше, оның талабы да, талғамы да артады. Бірақ ең басты тұғырда өз ана тілі тұруы керек. Адамның ой-өрісі өз тілінде дамып жетілгенде ғана құндылығы артады. Тіл — әр адамның болмысы. Егер тіл жойылса, адам болмысыда жойылады. Сенің қазақ екеніңді айғақтайтын таптырмас дәлел, ол – ана тілің.
Қазақстанның болашағы қазақ тілінде! Тіл тағдыры — ел тағдыры екенін еш уақытта ұмытпайық!

Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы Арман Жақыпов

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img