spot_img
Сенбі, Сәуір 27, 2024
17.2 C
Kokshetau

Тек ортақ міндеттерді іске асыра отырып, біз алға жылжитын боламыз – Марат Ахметжанов

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Наурыз мейрамы қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік этномәдени бірлестіктерімен кездесті.

Іс-шараны аша отырып, өңір басшысы барлық қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, күн сайын өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, бірлігі мен келісімін сақтауға үлес қосатын барлық ақмолалықтарға алғысын білдірді.

«Біздің жалпыұлттық бірегейлігіміздің жарқын көріністерінің бірі – этномәдени әралуандық. Біздің сіздермен бірлігіміз ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасын мекендейтін Қазақстан халқының арасындағы конфессияаралық келісімді, бейбітшілікті, достық пен өзара түсіністікті сақтауға және нығайтуға деген ерік-жігерін білдіреді», – деп атап өтті М.Ахметжанов.

Өңір басшысы ақмолалықтар үшін жақсы жаңалық Мемлекет басшысының өткен Құрылтайда оны келесі жылы Ақмола облысында өткізу туралы ұсынысы болғанын атап өтті.

Марат Ахметжанов Чуваш этномәдени орталығының басшысы Елена Мащинскаяны бірлестіктің 10 жылдық мерейтойымен және этномәдени бірлестіктерден тағайындалған қоғамдық орынбасары Өзбек этномәдени орталығының төрайымы Тожибуви Медетованы құттықтады.

Кездесу қоғамдық бірлестіктер мен этномәдени орталықтар басшыларының Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы қызметінің негізгі бағыттары бойынша сөз сөйлеуімен жалғасты.

Сөз сөйлеушілер Наурыз мейрамы табиғаттың жандануы мен жаңаруын Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайтуды, ұлттық бірегейлікті сақтауды, отбасылық құндылықтарды насихаттауды бейнелейтін еліміздің маңызды мерекелерінің бірі екенін атап өтті.

Сондай-ақ, облыстың этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының одан әрі жұмысының өзекті мәселелері еркін микрофон форматында талқыланды.

«Сіздерде қос миссия бар, Сіздер – Қазақстан азаматысыздар және өз этностарыңыздың өкілдерісіздер. Сіздер Мемлекет басшысының саясатын халыққа жеткізушілер болып табыласыздар»,
– деп қорытындылады өңір басшысы.

Айта кетейік, Ақмола ассамблеясында 40 этномәдени бірлестік, 104 аналар кеңесі, 21 ақсақалдар алқасы бар.

Сонымен қатар, ғылыми-сараптамалық топтың, медиация кабинетінің, журналистер клубының, декоративтік-қолданбалы өнер шеберлері одағының, «Ассамблея жастары» РҚБ Ақмола облысындағы өкілдігінің және Мемлекеттік тілді насихаттау мен дамыту орталығының, Кәсіпкерлер қауымдастығының жұмыстары жүйелі негізде жүргізіледі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Шұғыл шара қолданып, 95 елді мекенді, олардағы 8 мың үйді су алудан сақтап қалдық», – Марат Ахметжанов

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 25...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img