spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
7.2 C
Kokshetau

Ақмолалық шаруалар егіс науқаны үшін қапалануда

Сондай-ақ...оқыңыз

Депутат Саят Сыздықовтың төрағалығымен өткен облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге арналған тұқым қорының жай-күйі, сондай-ақ жайылымдық жерлер тапшылығының шешімі қаралды.

Отырыста ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Кенеш Әлімжанов, ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола аумақтық инспекциясының басшысы Қанат Айтқожин, жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасы басшысының орынбасары Аян Бексеитов баяндама жасады.

Тұрақты комиссия мүшелерінің көбі өздері ауылшаруашылық кәсіпорындарын басқаратындықтан және ауыл тұрғындарын не толғандыратынын білетіндіктен, спикерлерге көптеген сұрақтар қойылды. Күзде жиналған астықтың сапасыздығын ескере отырып, тұқым материалымен қамтамасыз ету мәселелері бар. Әсіресе, фермерлерді субсидиялау, несиелік міндеттемелер бойынша төлемдер мәселелері өткір тұр. Егін егу науқаны жақындап қалды, көптеген шаруа қожалықтары, депутаттар атап өткендей, қандай шара қабылдарын білмей абдырауда.

Депутаттар Әбілқайыр Ошақбаев, Бекім Әкімов, Владимир Камышанский, Абай Жорабек, Тимур Пшенов және т.б. «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ Ақмола облыстық өкілдігінің басшысы Қанат Әлімовке, сондай-ақ Ақмола облысының ветеринария басқармасының өкіліне аса маңызды және өзекті сұрақтарды қойды. Бұл азық-түлік корпорациясының форвардтық астықты сатып алуының төмен құны және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дем бермейтін несиелер бойынша жоғары пайыздық мөлшерлемелер. Депутаттарға мамандар мен қаражаттың орасан зор тапшылығы байқалатын өңірдің ветеринариялық қызметінің жұмысына қатысты көптеген шағымдар келіп түсуде. Пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару бойынша мемлекет деңгейінде қабылданып жатқан барлық шараларға қарамастан, осы учаскелердің одан әрі тағдыры жөнінде үлкен мәселелер бар. Көптеген ауыл тұрғындары үшін мал жаю әлі де қиынға түсіп тұр.

Бір сөзбен айтқанда, аграрлық комиссия отырысындағы атмосфера өте қызу болды, өйткені халық қалаулылары нақты сандарды келтіріп, халықтың өтініштерімен үндеді.

Комиссия төрағасы С. Сыздықов атап өткендей, депутаттар айтқан барлық проблемалық мәселелер мен ұсыныстар қорытынды қаулыда ескеріліп, бейінді атқарушы органдарға жіберілетін болады.

Қарлыға Мұхатаева,

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз хатшысы

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img