spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы жаңа заң жобасы әзірленді. Жаңа заң жобасы қандай жаңалықтарды ұсынады және тұтынушылар қандай өзгерістер күтеді?

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындатұтынушылардың құқықтарын қорғаудың төрт сатылы жүйесі жұмыс істейді. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның нормаларында бірінші кезеңде тұтынушының құқықтарды бұзу туралы шағыммен тікелей кәсіпкерге жүгіну құқығы көзделген. Егер шағымды кәсіпкер тұтынушының пайдасына қарамаса, екінші кезең – медиаторға немесе төрешіге жүгіну. Сотқа дейінгі тәртіппен реттелмеген жағдайда үшінші кезең – тікелей мемлекеттік органға, яғни департаментке жүгіну. Тек төртінші кезеңде тұтынушы сотқа жүгіне алады.

Егер барлық үш кезең өтпесе, сотта тұтынушының талап-арызы қаралмайды.

– Келесі негізгі өзгерістерді ерекше атап өтуге болады:

1. тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың төрт сатылы алгоритмін реформалау;

2. шағымдарды қараумен, кеңес берумен айналысатын, осы саладағы қоғамдық институттарды үйлестіретін және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысатын тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Омбудсмен институтын енгізу;

3. заң жобасында кәсіпкерлерге жүгінген кезде құқықтары бұзылған және сотқа дейінгі кезеңде шешілмеген тұтынушының пайдасына сот айыппұл түрінде салатын кәсіпкердің азаматтық құқықтық жауапкершілігін енгізу көзделеді;

4. адам өмірінің барлық салаларында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында тұтынушылардың құқықтарын қорғау қағидаларын тұтыну үшін тұрғын үй-коммуналдық тұтыну, байланыс, туризм, мәдениет, сауда, көлік және өзге де қызмет көрсету салаларына тарату ұсынылады;

5. сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіру күшейтілетін болады.

Егер тұтынушылардың құқықтары бұзылса және жағдайды сотқа дейінгі тәртіппен шешу мүмкін болмаса, кәсіпкерлерге айыппұл салу ұсынылады. Айыппұл мөлшері-тұтынушының талап қою сомасының 10-нан 50% – на дейін. Сонымен қатар, талап қою сомасы неғұрлым аз болса, айыппұл мөлшері соғұрлым көп болады, бұл кәсіпкерлерге бұзушылықтарды сотқа жеткізбестен өз еркімен және жедел жоюға ықпал етеді.

Омбудсмен институтын енгізуге келетін болсақ, ол тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жүйелік проблемаларды анықтап, оларды республика деңгейінде жариялайтын болады.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің

Ақмола облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың

құқықтарын қорғау департаменті

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img