spot_img
Сәрсенбі, Желтоқсан 11, 2024
-8.8 C
Kokshetau

Саусақ ұшындағы театр

Сондай-ақ...оқыңыз

Щучинск қаласының №4 жалпы білім беретін мектебінің 3 сынып оқушысы Арсений Луговской саусақ театрын ойлап тапты.

Қазіргі уақытта мектеп жасындағы балалардың ұсақ моторикасын дамыту және саусақ қимылдарын үйлестіру бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру мәселесі өзекті болып отыр. Aл саусақ театры – бұл балабақшада және әр отбасында қол жетімді баланы дамытудың ерекше құралы.

–Осыған байланысты мен балаларды театрландырылған іс-шараларға тарту үшін саусақ театрымды ойлап таптым. Саусақ театрын қызықты хоббинге айналдыруға болады, – дейді жас өнертапқыш.

Арсений анасы Татьяна Луговскаямен бірге саусақ театрына қуыршақтар жасап, «Саусақ ұшындағы ертегі» тақырыбында жоба ұсынды. Балаларға театр ұнайтыны белгілі, өйткені бұл оларға шындықтан ажырап ертегі әлеміне өтуге, бірден бірнеше рөлде өздерін сынап көруге мүмкіндік береді. Ересектерге саусақ театры бірқатар білім беру, дамыту, тәрбиелеу және түзету міндеттерін шешуге мүмкіндік береді. Бұл қызықты ойын арқылы оқытудың пайдалы түрі.

Жоба бойынша жұмыс барысында Арсений өзінің ғылыми жетекшісі, бастауыш сынып мұғалімі Екатерина Аксененкованың жетекшілігімен «Ертегі әлемінде» лэпбугін жасады. Бұл тақырып бойынша барлық жинақталған материалдарды қамтитын қалталары бар қағаздан жасалған кітапша. Лэпбукта ертегілер тақырыбына арналған түрлі тапсырмалар ұсынылған.

Көптеген әдебиеттерді оқығаннан кейін Арсений балаларға арналған саусақ ойындарының жинағын, QR-кодтары бар ата-аналарға арналған «Оқушының өміріндегі Театр» брошюраларын әзірледі. Сондай-ақ қолдың ұсақ моторикасын дамыту үшін жадынама жасады, өйткені көпшілік дұрыс жазуға ықпал ететін қандай жаттығулардың барын біле бермейді.

Үшінші сынып оқушысының жұмысы «Зерде» республикалық ғылыми жобалар мен зерттеу жұмыстары байқауының «Технология және өнер» секциясында I орынға ие болды.

Баланың жеңісінде оның анасы маңызды рөл атқарғанын атап өткіміз келеді. Сондай-ақ, ғылыми жетекші Екатерина Аксененкова мен директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Айнұр Кантарбаева да үлкен көмек көрсетіпті.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола жеңіл атлеттері «Куала-Лумпурдағы халықаралық жарыстарда жеңіске жетті

Көкшетау қаласының спорттық өміріндегі маңызды оқиға Малайзия астанасы Куала-Лумпурда өткен есту қабілеттері бұзылған  спортшылар арасында X Азия — Тынық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img