spot_img
Сенбі, Шілде 27, 2024
14.7 C
Kokshetau

«АЛЫП ЕЛІМ – АЛАШЫМ»

Сондай-ақ...оқыңыз

Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының «Дарын», «Серпер», «Шабыт», «ҚР Тұңғыш Президенті» сыйлықтарының лауреаты, ҚР Президент стипендиясының иегері, алашқа аты мәлім ақын Алмас Темірбайдың 45 жас мерейтойына орай, «АЛЫП ЕЛІМ –АЛАШЫМ» атты әдеби-музыкалық композициясының қойылымы сахналанды.

Алмас Темірбай 1979 жылы 22 қаңтарда бұрынғы Көкшетау облысы, Көкшетау ауданы, Ортақ ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетінде және Көкшетау мемлекеттік университетінің саясаттану факультетінде білім алған.

 

Еңбек жолын 16 жасында бастаған Алмас Темірбай облыстық «Көкшетау» газетінде тілші, аудандық «Бурабай» газетінде редактордың орынбасары, қалалық «Көкшетау» газетінде шолушы, республикалық «Алаш үні» газетінде бас редактордың орынбасары, кейін бас редакторы, облыстық «Арқа ажары» газетінде мәдениет және руxаният бөлімінің меңгерушісі, Ақмола облыстық «Көкшетау» журналының бас редакторы қызметтерін атқарды.

«Аллажар», «Жұмақ жұрт», «Автопортрет», «Мың бір мұң», «Жекебатыр» атты жыр жинақтарының авторы. Бірнеше өлеңі ҚР Білім және Ғылым министрлігі бекіткен орта мектептер бағдарламасына енген, мектеп оқулықтарында жарық көрген.

Белгілі әдебиетші-ғалым Нұртас Ахатұлының Алмас Темірбай шығармашылығы туралы жазған «Алаштың Алмас ақыны» атты монографиясы жеке кітап болып 2008 жылы жарық көрген.

Халықаралық «Шабыт» фестивалінің екі мәрте лауреаты және Гран-При жүлдесінің иегері. Халықаралық «Түрік поэзиясы» фестивалінің лауреаты. Қазақстан Жастар одағының «Серпер» сыйлығының лауреаты. «ҚР Тұңғыш Президенті» сыйлығының лауреаты, ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. Қазақстан Жазушылар одағының және Журналистер одағының мүшесі. Ақын өлеңіне жазылған әндер бүгінде Қазақстан эстрада жұлдыздарының орындауында айтылып жүр.

Қойылымда Шахаң театрының дарынды жастарының орындауында ақынның ұлттық құндылықтарды дәріптейтін рухты өлеңдері оқылды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылыс басындағы әр сәтті тиімді пайдалану керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Бұланды ауданына барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған жаңа тұрғын үйлердің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img