spot_img
Жексенбі, Мамыр 12, 2024
21.2 C
Kokshetau

Көкшетау қаласының тұрғыны есірткі дайындағаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласының тұрғыны «Д.» жұмысқа орналасу туралы хабарландыру бойынша психотроптық заттардың заңсыз айналымын ұйымдастыру жолымен табыс алу үшін «М.» деген лақап атпен адамның (оған қатысты материал жеке өндіріске бөлінген) ұсынысына келісті. Онымен қылмыстық сөз байласып, «Д.» нұсқауларды орындауға келісті: ақша алу үшін шот ашты, байланыс үшін телефон, жасырын нарколаболаторияға арналған жабдықтар, психотроптық заттар өндіруге арналған материалдар сатып алды, бейнекамералар орнатты.

«Куратордың» нұсқауларын орындай отырып, «Д.» электрондық бағдарламаларды пайдалана отырып, психотроптық зат-мефедронды аса ірі мөлшерде дайындады және оны өткізу мақсатында сақтады (Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігінің 1), 3), 5) тармақтары).

Сотталушы кінәсін мойындады. Сондай-ақ, оның кінәсі бақылау камераларынан түсірілген бейнежазбалармен, сараптамалардың қорытындыларымен, нарколабораторияны тінту хаттамасымен, гаражды, ұялы телефонды тексеру, куәдан жауап алу, ақша қаражатының түскені туралы банктік шот бойынша үзінді көшірмені қарау хаттамасымен расталды.

Есірткі зертханасын тінту барысында 10 кг-нан астам психотроптық зат жіне зертханалық жабдықтар тәркіленді.

Жаза тағайындауда сот «Д.»-нің қылмыстық жауапкершілігі пен жазасын жеңілдететін жағдайды – оның шын жүректен өкінуін ескерді.

Сот үкімімен, іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігі ескеріле отырып, «Д.»-ға 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жеңіс күніне орай ардагерге құрмет көрсетілді

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов пен депутат Саят Сыздықов тыл еңбеккері  Ксения Петровна Тюменцеваны Жеңіс күнімен құттықтады. Зеренді...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img