spot_img
Сенбі, Сәуір 27, 2024
11.7 C
Kokshetau

Облыс прокуратурасы мемлекеттік және жеке балалар лагерлерінің қызметін тексерді

Сондай-ақ...оқыңыз

 

 

Тексеру шеңберінде 400-ден астам бұзушылық, оның ішінде санитарлық-эпидемиологиялық заңнама, өрт қауіпсіздігі, денсаулық сақтау, білім беру және т.б. салалардағы бұзушылықтар анықталды.

Бұрын, балалар лагерлерінде алкоголь, самогон, пневматикалық мылтық, тамақпен бірге сақталған егеуқұйрыққа қарсы у басқа да әртүрлі тыйым салынған заттар және бұзушылықтар анықталған.

Сонымен қатар, Бурабай ауданының 2 балалар лагерінде аспазшылардан стафилококк, тамақ сынамаларынан ішек таяқшасы табылды.

Бурабай курорттық аймағының үш жеке лагерінде медициналық көмек көрсетуге лицензия болмаған, медициналық пункттерде мерзімі өткен дәрі-дәрмектер қолданылған, ал Ақкөл ауданының балалар лагерінде дәрі-дәрмектер мүлдем болмаған (лагерьден 40 шақырым жерде орналасқан аудандық аурухана).

Жалпы, көптеген мекемелерді тексеру кезінде қанағаттанарлықсыз өмір сүру жағдайлары анықталған.

Жоғарыда келтірілген мысалдар аз емес екенін атап өткен жөн.

Осы фактілер бойынша уәкілетті органдарға қадағалау актілері енгізілді, 40 тұлға әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды, миллиондаған айыппұлдар салынды, 2 балалар лагерінің қызметі тоқтатылды. Тексеруші прокурорлардың қызметіне кедергі келтірген жеке лагерь басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тексеру нәтижелері бойынша балалар демалысын ұйымдастыру бөлігінде ұсыныстар енгізілді, анықталған бұзушылықтарды жою жоспары әзірленді.

 

 

Ақмола облысының прокуратурасы

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Шұғыл шара қолданып, 95 елді мекенді, олардағы 8 мың үйді су алудан сақтап қалдық», – Марат Ахметжанов

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 25...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img