spot_img
Жұма, Қазан 4, 2024
12.2 C
Kokshetau

Ақмолалық жасөспірімдер қысқы Олимпиадада ел намысын қорғайды

Сондай-ақ...оқыңыз

Биылғы жылдың басты оқиғаларының бірі – Оңтүстік Кореяда өтетін жасөспірімдер арасындағы ІV қысқы Олимпиада ойындары. Бұл айтулы спорт мерекесінде Қазақастан құрама командасының құрамында облыстан үш жасөспірім қатысады.

Азия құрлығында алғаш рет ұйымдастырылғалы отырған жасөспірімдердің қысқы Олимпиадасына біздің мемлекет төртінші мәрте қатысқалы отыр.

2012 жылдан бері өткізіліп келе жатқан спортшылар бәйгесіне 70 мемлекеттен 1800 жас спортшы қатысып, биатлон, бобслей, тау шаңғысы спорты, керлинг, коньки жарысы, шаңғы жарысы, трамплиннен секіру, шана спорты, скелетон, сноубординг, мәнерлеп сырғанау, фристайл, хоккей, шорт-трек секілді спорт түрлерінен бақ сынайтын болады. Қазақстан құрама командасының құрамында Ақмола облысынан биатлоннан Мария Воробьева мен (жаттықтырушысы – С.Морозов), Кирилл Зотов (К.Рыбинцев) және шаңғы жарысынан Әубәкір Тотанов (Т.Сергеев) ел намысын қорғайтын болады. Бұл жас өрендерге ел болып үміт артамыз.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының спорт бөлімінің басшысы Анастасия Шкроботтың айтуынша, бұл спортшылардың үшеуі де №2 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерві мектебінің тәрбиеленушілері екен.

–Спортшылар қаңтар айының 4-14-і аралығында оқыту-жаттығу жиындарына қатысады, 15-і күні Алматы қаласынан Қазақстан Республикасының құрамасымен бірге жасөспірімдердің қысқы Олимпиада ойындары өтетін Оңтүстік Кореяға ұшады. Біздің жерлестеріміз өз ойындарын аяқтаған соң, қаңтардың 26-сына таман келеді. Жас спортшыларымызға сәттілік тілейміз, –деді аталмыш бөлім басшысы.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент ұсынған реформалар жергілікті басқарудың сапасын арттырады – Дастан Әкімов

Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының II республикалық форумында сөз сөйледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде мәслихаттың мемлекеттік биліктің өте...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img