spot_img
Жексенбі, Қазан 13, 2024
-9.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында сұлыны 32 млн астам бюджеттік теңгеге сатып алмақ болған

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлері мемлекеттік мекеменің жоспарланған сатып алуға бағаны негізсіз көтеру фактісін анықтады.

Атап айтқанда, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі жалпы сомасы шамамен 32,2 млн теңгеге немесе бір тоннасын 156 250 теңгеге 206 тонна сұлы сатып алуды жоспарлаған болатын.

Тауарға техникалық құжаттаманы және нарықтық бағаларды зерделегеннен кейін 1 тонна сұлының құны 55 000 теңгеден 75 000 теңгеге дейін өзгеретіні белгілі болды. Бұл белгіленген бағадан екі-үш есе төмен.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлердің – «Әділдік жолы» РҚБ филиалы өкілдерінің белсенді азаматтық ұстанымының және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің уақтылы араласуының арқасында ұйым тауар сатып алудан бас тартты. Нәтижесінде 32,2 млн бюджеттік теңге үнемделді.

Айта кетейік, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында 120-ға жуық ақмолалықтар бюджет қаражатының ұтымсыз жұмсалуын болдырмауға көмектеседі, тегін құқықтық көмек көрсетеді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жүргізеді және жобаның бағыттары бойынша басқа да мәселелерге қатысады. Сыбайлас жемқорлық мәселесіне бей-жай қарамайтын кез келген азамат немесе ұйым Антикор волонтері бола алады, ол үшін облыстық Департаментке жүгіну қажет.

Фото: https://gz.mcfr.kz/article/1263-perechni-v-goszakupkah

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстанда 1 млн. астам азамат еңбек шартынсыз жұмыс істеп жүр.

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры еңбек шартынсыз жұмысқа қабылдау және еңбек құқығын бұзу фактілерін анықтауға кірісті. Ұлттық статистика бюросының мәліметі...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img