spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 6, 2024
4.2 C
Kokshetau

Адай жылқысы ресми түрде дербес тұқым ретінде танылды

Сондай-ақ...оқыңыз
Адай жылқысы ресми түрде «Адай» жылқыларының дербес тұқымы болып танылды және ҚР Селекциялық жетістіктерінің мемлекеттік тізіліміне тіркелді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

2022 жылғы қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Адай жылқыларын ғылыми тұрғыда дербес тұқым ретінде тану жөнінде шаралар қабылдауды тапсырған болатын.

Ауыл шаруашылығы министрлігі тапсырманы орындау мақсатында Қазақ мал шаруашылығы және жем-шөп өндіру ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп және Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен 3 мініс жылқы желісін шығару жұмыстарын жүргізді («Қазақ жылқы тұқымының адай типіндегі Раттора-60 зауыт желісі», «Қазақ жылқыларының адай тұқымының Бұғабай киік қоныр-98 зауыт желісі» және «Қазақ жылқыларының адай тұқымының Манап сұр-93» зауыт желісі) мен тұқым ішінен 2 типті («Қазақ жылқысының адай тұқымының Маңғыстау тұқымішілік өнімді түрі» және «Қазақ жылқысының Адай тұқымішілік түрі»).

Жоғарыда аталған жұмыстардың нәтижесінде 2023 жылғы 29 желтоқсанда ҚР Әділет министрлігі жанындағы Ұлттық зияткерлік меншік институты селекциялық жетістіктерге 6 патент берді. Атап айтқанда, мініс жылқы желілеріне 3 патент, тұқым ішіндегі типтерге 2 патент және «Адай» жылқы тұқымына 1 патент берілді.

Адай жылқысы Арал-Каспий ойпаты аумағында жылқылардың жергілікті жердегі көпжылдық халық селекциясы негізінде өсірілгенін атап өту қажет. Бұл атау «Адай» руының атауымен байланысты.

Адай жылқысы жергілікті жердің қатал климатына өте жақсы бейімделген. Сондай-ақ сыртқы бітімінің бөлектігімен, шымыр әрі ширақтығымен, төзімділігімен және тез бейімделгіштігімен ерекшеленеді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МАРАТ АХМЕТЖАНОВ: « Бұл өнімдер Қосшы қаласының брендіне айналуы тиіс!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img