spot_img
Жексенбі, Ақпан 22, 2026
-5.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында 6 млн. теңгеден астам соманы құраған ұрлық қылмысы ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола полицейлері бұрын жасалған қылмысты ашты. Ағымдағы жылдың 9 қарашасында Степногорск қаласының Полиция басқармасына өңірдегі кәсіпорындардың бірінің аумағында ұрлық жасалғаны туралы өтініш келіп түсті.
Келіп түскен өтініште а.ж. 2 қарашада белгісіз адамдар комбинаттың суық қоймасына кіріп, іскерлік металды ұрлап кеткені туралы хабарланды. Залал сомасы 6 млн. 308 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдікті тұлғаны анықтады. Қазіргі уақытта оның аталған қылмысқа қатысы тексерілуде.
Қылмысты ашу үшін полицейлер аймақтың металл сынықтарын жинау пункттерін тексеріп, ұрланған металды Астана қаласынан тапты. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Күдікті азаматтың комбинат қызметкері екені белгілі болды. Ол жүк көлігі мен жүк тиегішті жалдап, ұрланған затты Астана қаласына апарып, содан кейін металды қабылдау пунктіне тапсырған.
Полиция басқармасы осы фактіге қатысты ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Біз референдум мәселесіне тек саяси рәсім ретінде емес, елдегі демократиялық мәдениеттің көрсеткіші ретінде қараймыз

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев референдум жөнінде оның саяси реформалардағы орнына ерекше тоқталды. Президент  референдум тек бір реттік саяси науқан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика