spot_img
Сейсенбі, Сәуір 22, 2025
23.2 C
Kokshetau

Қазақстандық мектептердің жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылуы 65%-ға жеткізілді

Сондай-ақ...оқыңыз
Қазақстандық мектептерде интернет сапасын арттыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Жыл басында мектептердің 19% ғана талапқа сай болған болса, бүгінде 65%-да интернет жылдамдығы арттырылды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Вице-министр Айбат Ілиясов атап өткендей, осы жылы Оқу-ағарту министрлігі ЦДИАӨМ-мен бірлесіп мектептердегі интернет жылдамдығына қойылатын талаптарды бекітті.

«Барлық мектептер бойынша жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету және оқу үдерісінде цифрлық шешімдерді толық пайдалану үшін интернет желілеріне қосылу технологиясына инвентаризация жүргізілді. Нәтижесі бойынша Starlink технологиясына қосылу үшін интернет жылдамдығы төмен мектептердің тізімі жасалды. Пилоттық жоба аясында 2024 жылдың маусымына дейін бұл мектептерді Starlink технологиясына кезең-кезеңімен қосу жоспарлануда», – дейді Оқу-ағарту вице-министрі.

Алматы, Ақмола және Қарағанды облыстарындағы 10 ауыл мектебі пилот ретінде Starlink технологиясына қосылды. Егер бұрын олардағы интернет жылдамдығы 4 Мбит/с аспайтын болса, енді жылдамдық 150 Мбит/с дейін жетті.

2024 жылдың маусымына дейін 2000 мектепті SpaceX интернетіне қосу жоспарлануда. Мектептердің негізгі үлесі Түркістан, Ақмола және Қостанай облыстарында.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Халықаралық инженерлік турнирде Қазақстан құрамасы рекордтық нәтиже көрсетті​

110 елден 50 мыңнан астам оқушы қатысқан Хьюстондағы FIRST Championship 2025 халықаралық инженерлік турнирінде Қазақстан құрамасы үш жас санаты...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика