spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 13, 2024
23.2 C
Kokshetau

Ақмола облысы прокуратурасымен жалған дипломдарды пайдалану фактілері анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ауылдық жерлерге жас мамандарды тартуға мемлекет ерекше назар аударады
және қомақты бюджет қаражатын бөледі.
Осы мақсатта, 2009 жылдан бастап бүкіл ел бойынша «Дипломмен ауылға»
мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда, ол ауылдық жерде еңбек етуге ниет
білдірген мамандарға жеңілдікпен кредиттер мен өтеусіз жәрдемақылар алуға
мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары еліміздің ауылдық жерлерінде кадрлар тапшылығы едәуір
теңестірілді, алайда «мамандар» деген атпен жекелеген адамдар жеңілдікті
шарттарды пайдалана отырып, бюджет қаражаты есебінен заңсыз байытылуда.
Облыс прокуратурасы бағдарлама шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларын
ұсыну кезінде қолданыстағы заңнаманың сақталуына талдау жүргізді.
Оның нәтижелері бойынша жалған дипломдардың көмегімен жеңілдіктер
алған және шарттық міндеттемелерді бұзған адамдар анықталды.
Мәселен, 2021ж. «К» жалған диплом бойынша Атбасар ауданының оқу
орнында биология пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасқанү
2022ж. мүліктік игіліктер алу мақсатында, сол жалған дипломды пайдаланып,
бағдарламаға қатысқан (4,9 млн теңге алды).
Айта кету керек, «К» 2 жыл бойы осы салада құзыретті болмасада балаларды
оқытқан.
Осындай схеманы білім беру саласындағы тағы 12 «маман»пайдаланған.
Залалдын жалпы соммасы 30 млн теңгеден асты.
Жалпы айтқанда, мұндай «маманды» жалған дипломмен жұмысқа
орналастыру жас ұрпақтың білім деңгейіне теріс әсер етеді және бюджет
қаражатын ұрлауға жағдай жасайды.
Қазіргі таңда қылмыстық қудалау органдары тергеу іс-шараларын жүргізуде,
ҚПК-тің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де ақпарат жариялануға жатпайды.

Ақмола облысының прокуратурасы

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Су тасқынынан зардап шеккен 27 атбасарлық отбасы баспаналы болды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Атбасар ауданына жұмыс сапарымен барып, онда көктемгі су тасқыны салдарынан үйлері жарамсыз деп танылған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img