spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
14.3 C
Kokshetau

Ақмола облысында «Қауіпсіз қоғам» науқаны басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде қоғамдық тәртіпті сақтау, отбасылық-тұрмыстық мәселелермен және вандилизммен күресу мақсатымен «Қауіпсіз қоғам» науқаны басталды.

 

Іс-шараны «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының облыстық филиалы мен облыстық полиция департаменті бірлесіп ұйымдастарды.

 

Қоғамдық акция аясында желілік кесте құрылған. Соған сәйкес түнгі рейдттер, түсіндіру жұмыстары және профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.   Аталған рейд барысында көлік жүргізушілеріне қоғамдық тәртіпсіздіктер мен келеңсіз оқиғалардың алдын-алу туралы жадынамалар таратылды.

 

Тәртіп сақшылары мен белсенді жастар түнгі ойын-сауық орындарын тексеріп,  кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің мұндай мекемелерде жүрмеуін қадағалайды. Желтоқсан айының соңына дейін жалғасатын шарада  құқық бұзушылыққа жол берген мекемелер анықталып, тиісті шаралар қолданады.

 

Акцияның алғашқы күні «Жастар рухы» жастар қанатының АОФ филиалының өкілдері мен Ақмола облыстық ПД қызметкерлері қала тұрғындарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесуде құқық бұзушылық, қоғамдық тәртіпті сақтау, интернет-алаяқтық, отбасылық-тұрмыстық мәселелер бойынша кең мағлұмат берілді.

Республикалық қоғамдық науқан жыл соңына дейін жалғасады.

 

 «AMANAT» партиясы

Ақмола облыстық филиалының баспасөз қызметі

 

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img