spot_img
Сейсенбі, Мамыр 7, 2024
10.2 C
Kokshetau

Қазақстандық шаруалар 17 млн га алқаптан астық жинады

Сондай-ақ...оқыңыз
Биыл қазақстандық шаруалар еккен егіс көлемі  24 млн гектарды құрады, бұл өткен 2022 жылмен салыстырғанда 652 мың гектарға артық. Оның 7,1 млн га – дәнді-дақылдар, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

21 қарашадағы жағдай бойынша астық жинау Қазақстанның барлық өңірлерінде аяқталу сатысында тұр. Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша орташа өнімділігі 9,7 ц/га болатын 16,9 млн га (99,1%) жиналды, бастапқы салмағында 16,5 млн тонна астық бастырылды. Оның ішінде – 13,5 млн гектардан 11,5 млн тонна бидай алынған. Өнімділігі гектарына 8,5 центнерден келді.

Сондай-ақ, шаруалар 2,2 млн гектардан майлы дақылдар жинады. Бұл осы дақылдың жалпы көлемінің 78,3% құрайды. Орташа өнімділігі гектарына 8,5 центнер болатын 1,8 млн тонна май тұқымы жиналды. Оның 845,7 мың га (74%) күнбағыс, орташа өнімділігі 11,2 ц/га болатын 943,2 мың тонна бастырылды.

Ал, 182,4 мың гектар алқапқа егілген картоп толық жиналып бітті. Жалпы көлемі 3,6 млн. тоннаны құрады. Өнімділігі гектарына 200,4 центнер. Сонымен қтар, 165,3 мың га алаңға егілген өзге де көкөніс дақылдарынан 4,3 млн. тонна өнім алынды.  Өнімділігі гектарына 262,4 центнерді құрайды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img