spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
25.2 C
Kokshetau

Бюджет қаржысының жұмсалуы қатаң бақылануы тиіс

Сондай-ақ...оқыңыз

Астрахан ауданына жұмыс сапары аясында барған өңір басшысы Марат Ахметжанов ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеуге мамандар даярлайтын жетекші оқу орындарының бірі – Астраханка ауылының агротехникалық колледжінде болды.

Мұнда 64 жыл ішінде 20 мыңнан астам түлек диплом алды. Қазіргі уақытта мұнда алты мамандық және 8 біліктілік бойынша студенттер оқытылуда.

Облыс әкімі Марат Ахметжанов педагогтардың жұмысымен және колледждің материалдық-техникалық базасымен танысты. «Жас маман» бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынғанын құптады.

– Колледжде бюджет қаражаты есебінен және «Еңбек» бағдарламасы бойынша 313 студент оқиды. Әлеуметтік әріптестер –кәсіпорындармен ынтымақтастық жолға қойылды. Жастардың болашақ мамандықта өз күштерін сынап көруге және жұмысқа орналасу кепілдігін алуға мүмкіндігі бар. Мысалы, биыл түлектердің 86 пайызы тұрақты жұмыс орындарын тапты, – деп атап өтті колледж директоры Валентина Путинцева.

Қазіргі уақытта колледж жатақханаларының біріне жөндеу жұмыстары қажет. Сондай-ақ, ангар түріндегі спорт залына да  мұқтаждық бар. Әкім барған келесі нысан – «Мельнично-промышленная компания» ЖШС-інің негізгі қызмет түрі – дәнді-бұршақты және майлы дақылдарды қабылдап, сақтау және оларды тазартып, кептіру. Кәсіпорын 2022 жылы пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, өңір басшысы Астраханка ауылында су құбыры құрылысының барысымен танысты.

Жұмыс сапары барысында облыс басшысы Старый Колутон ауылының жалпы білім беретін мектебіне барды, онда 127 оқушы оқиды. Сабақты 30 педагог жүргізеді. Ағымдағы жылы ғимаратты жөндеу жұмыстары басталды. «Град Строй Сервис» ЖШС мердігер ұйымы шатыр мен терезе блоктарын ауыстырды. Келесі жылы ішкі жұмыстар жоспарланған.

– Әрбір жұмсалған бюджеттік теңгенің тиімділігі қатаң бақылануы тиіс. Бұл жөндеу жұмыстарының мерзіміне де, сапасына да қатысты. Жөндеуге қаражат жеткілікті, бұл сенім мен үлкен жауапкершілік, – деп түйіндеді Марат Ахметжанов.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img