spot_img
Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau

АШМ: «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруға 2023 жылы 100 млрд теңге бөлінді

Сондай-ақ...оқыңыз
«Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру 2022 жылы Ақтөбе және Жамбыл облыстарында басталды. Ол үшін республикалық бюджеттен 9 млрд теңге, оның ішінде Ақтөбе облысына 3 млрд теңге, Жамбыл облысына 6 млрд теңге бөлінді. Ақтөбе облысында 3 млрд теңгеге 691 шағын несие, Жамбыл облысында 6 млрд теңгеге 1 207 шағын несие бөлінді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

«Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруға 2023 жылы республикалық бюджет қаражатынан 100 млрд теңге бөлініп, 17 мың шағын несие беруге жоспарланған. Бұл ауылда 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бүгінде бөлінген қаражаттың барлығы қаржыландыру жоспарына сәйкес облыс әкімдіктеріне аударылды. Айта кетейік, қаражат ауыл шаруашылығы, қаржы министрліктері мен облыс әкімдіктері арасында жасалатын үшжақты несие шартына сәйкес аударылады.

6 қарашадағы жағдай бойынша 88,4 млрд теңгенің 14 284 өтінімі қаралуда, 66,2 млрд теңгенің 10 878 өтінімі мақұлданды; 53,6 млрд теңгеге 8 761 шағын несие берілді. ШҚО-да (1,5 млрд теңге), Қостанай (1,6 млрд теңге) және Павлодар (1,5 млрд теңге) облыстарында қаражат толық игерілді.

«Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2024 жылы 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру аясында 2024 жылы – 100 млрд теңге; 2025 жылы – 50 млрд теңге; 2026 жылы – 50 млрд теңге қарастырылған.

Бағдарламаны іске асыру тетігін жетілдіру үшін АШМ «Ауыл аманаты» шеңберінде кредит берудің негізгі шарттары мен тәртібін регламенттейтін қағидалар жобасын әзірледі. Жалпы негізгі шарттар қолданыстағы жағдайларға ұқсас болып қалды, алайда бірқатар өзгерістер бар. Біріншіден, бағдарламаға қатысушылардың нақты тізімі анықталды.

Екіншіден, әрбір ауылдық округті несиелендірудің басым бағыттарын анықтау бойынша талаптар қарастырылған. Бұл ретте мал шаруашылығы бағыты бойынша бағдарламаға бөлінген қаражаттың 50% -ынан аспайтын лимит белгіленген.

Үшіншіден, жобаларды іріктеудің негізгі өлшемдері анықталды. Бұл шара шағын несиелендіруге арналған жобаларды сапалы іріктеуге мүмкіндік береді және қаражаттың қайтарымдылығын арттырады.

Жеңіл автокөлік сатып алуға шағын несие берілмейді; жақын туыстарының ауыл шаруашылығы жануарларын; ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау шеңберінде шағын несие беру қаражаты есебінен бұрын сатып алынған ауыл шаруашылығы жануарларын, сондай-ақ кейін жалға беру үшін ғимараттарды, үй-жайларды сатып алуға, тұрғын үйлерді салу немесе басқа да ғимараттарды салуға шағын несие берілмейді.

Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігі облыс әкімдіктерінің несиелерді мақсатты пайдалану туралы есебін автоматтандыру және қарыз алушыға шағын несиелерді беру үшін АӨК-тегі экономикалық саясатты талдау орталығымен бірлесіп, бағдарлама бойынша шағын несиелеудің ақпараттық жүйесін құру жұмыстарын атқаруда.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылыс басындағы әр сәтті тиімді пайдалану керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Бұланды ауданына барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған жаңа тұрғын үйлердің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img