spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
16.7 C
Kokshetau

Жолдау –  болашақта дамып, өркендеуге бағытталған мыңызды кұжат 

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Токаевтың «Әділетті Қазақстанның  экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5510 әскери бөлімінің қолбасшылығы барлық жеке құраммен бірге мұқият тындап, танысып шықтық.

Осы жылғы Жолдауында Мемлекет басшысы Парламент депутаттарын құттықтап, көптеген заң жобасына бастамашылық етіп, өзекті мәселелерді батыл көтергендері үшін алғысын білдіруімен басталды. Шын мәнінде, биылғы жылы сайланған ел қалаулылары тың карқынмен іске кірісіп, халықпен тығыз жұмыс атқарып келгені байқалады.

Жолдаудың қызу талқыға түскен мәселелердің бірі – аудан және облыстық деңгейдегі қала әкемдерін халық өз дауыстарын беріп, сайлау арқылы тағайындалатыны. Бұл – елдегі саяси жүйені одан әрі жетілдіріп, демократияға бағытталған маңызды қадам деуге болады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлер мен әкімдер салалық шешімдерді дайындау мен орындауда үлкен дербестікке ие болды. Бұл реформаны өз басым кұптаймын. Себебі дербес құқыққа ие болған шенеуліктер жергілікті орындарда өзекті мәселелерге байланысты бюджетті өздері қарастырып, өз бетінше шешім шығара алады.

Сондай-ақ атомдық электр станциясын салу мәселесін жалпы ұлттық референдумға шығару туралы ұсынысы – бұл Мемлекет басшысының халықпен санасатынын, демократиялық принциптерді берік ұстанатынын анық көрсетеді.

Сонымен қатар ел басшысы қорғаныс мәселесіне де назар аударды. Бұл салада армиямызды жоғары технологиялы қару-жарақпен және әскери техникамен, соның ішінде бронды техникамен, заманауи атыс қаруларымен жабдықтау   қажеттілігін және ол үшін техниканы шұғыл жөндейтін өндіріс орындарын, отандық кәсіпорындарды ашып, оларға қолдау көрсету қажеттілігін атап өтті.

Қазақстан Республикасының Презинденті Қасым-Жомарт Токаевтың Жолдауы бүгінгі танда халқымыздың болашақта дамып, өркендеуін, әлеуметтік тұрмыс-тіршілігін айқындайтын, көкейкесті мәселелерін шешуше бағытталған мыңызды кұжат деп білемін. Құқықтық тәртіп әскері – Ұлттық ұлан өз тарапынан татулық пен даму, тұрақтылық пен тыныштық, адам мен қоғамның қауіпсіздігі принципіне негізделген құндылыктардың мәңгі һәм мызғымас қорғаушысы бола бермек.

5510 әскери бөлімінің командирі полковник Манат Наукеев

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img