spot_img
Сенбі, Шілде 27, 2024
14.7 C
Kokshetau

«FootJas – 2023» қайырымдылық турнирі Көкшетау қаласында өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығы облыстық «FootJas – 2023» еріктілер және жастар ұйымдары арасында футболдан қайырымдылық жарысын өткізді. Жарысты тікелей өткізу жастар ұйымдарымен бірлесіп Ақмола облысының «Еріктілерді қолдау орталығы» фронт-кеңсесіне жүктелді.

Аталған іс-шараның мақсаты – футбол ойынын жастар арасында кеңінен насихаттау және барлық жастағы еріктілер мен белсенділер арасында денсаулықты жақсарту. Турнирге қатысуға жарна – әр командадан 5 000 теңге мөлшерінде құрайды. Барлық жиналған қаражат қайырымдылыққа жұмсалады. Жарысқа өңірдегі волонтерлік және жастар ұйымдары жіберілді. Жалпы 10 команда қатысып, әр команда 5 ойыншыдан тұрды. Атап айтсақ, облысымыздың Астрахан, Атбасар, Зеренді аудандары және Қосшы мен Көкшетау қалаларынан қатысты.

«Ойын өте қызықты, қызу әрі тартысты өтті. Турнирге қатысқан әрбір команда жеңіске жету деген ынталары мен жігерлері ойын барысында байқалды. Атап өту керек, аталмыш қайырымдылық турнирін екінші жыл қатарынан өткізудеміз. Әр командадан жиналған қаражат қайырымдылыққа жұмсалатынын атап өткен жөн. Қатысқан жастарға алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта ойын өз жалғасын табады деген үміттеміз» – деп Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының басшысы Дастан Ермеков атап өтті.

Ойын қорытындысы бойынша үшінші орын – Көкшетау қаласының «Казмеджастары» командасына бұйырса, екінші орынды – Атбасар ауданынан келген «Құлагер» командасы ие болды. Ал жеңімпаз атанған Астрахан ауданының құрама командасы.

Футбол жарыстарында 1, 2, 3 орын алған командалар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылыс басындағы әр сәтті тиімді пайдалану керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Бұланды ауданына барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған жаңа тұрғын үйлердің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img