spot_img
Сейсенбі, Шілде 23, 2024
27.2 C
Kokshetau

Жол-құрылыс материалдары сынамаларының 30 пайызынан астамы нормалар мен талаптарға сай келмейді

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстандағы салынатын және жөнделетін жолдардың сапасын ҚР ИИДМ «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК тексереді. 2023 жылдың басынан бері ЖАҰСО 4 171 инспекциялық тексеріс жасады. Оның ішінде республикалық желі жолдарына 2 037, жергілікті жол желісі бойынша 2 134 инспекция жүзеге асқан, хабарлайды Nur.kz.

АНЫҚТАМА ҮШІН: Биылғы жылдың 6 айында Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы қызметкерлері 2 866 ақау мен кемшілік анықтаған. Оның ішінде: республикалық жолдарда – 1 779, жергілікті жолдарда – 1 087. Ірі бұзушылық 585 (РЖ-278, ЖЖ-307). Іріктеліп алынған және сынақтан өткізілген сынамалар саны – 11 748 (РЖ – 4 090, ЖЖ – 7 658). Олардың ішінде нормалар мен талаптарға сай келмейтіндер саны – 3 704 (РЖ – 936, ЖЖ – 2 768).

Жол жабындарын төсеу кезінде жіберілетін қателіктер үшін жауапкершілік мердігер мен тапсырыс берушіге ғана жүктелмеуі тиіс. Жол құрылысы кезінде мердігердің жұмысымен, жол-құрылыс материалдарының сапалы болуын Техникалық қадағалау қызметі бақылауда ұстауы керек. Техқадағалау инженерлері салынып жатқан жол құрылысы басталғаннан толығымен пайдалануға берілгенге дейін нысан басында болуы шарт. Олар тапсырыс берушіге анықталған ақаулар мен кемшіліктер жөнінде уақытылы ақпарат беріп отыруға міндетті. Алайда іс жүзінде олай бола бермейді – жол салу және жөндеу сапасын қадағалау әлсіз немесе тіпті мүлдем жоқ…

ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті техникалық қадағалау бойынша аккредитациядан өткен ұйымдар тізіліміне сай, бүгінгі күні елімізде құрылыс саласы бойынша 6,3 мың инженер жұмыс істейтін техникалық қадағалаумен айналысатын 2 мың компания бар. Олардың ішінде республикалық желіде техникалық қадағалауды 41 компания 476 инженер жүзеге асырады. Жергілікті желі бойынша мұндай ақпараттар жоқ. Техникалық бақылау қызметін қаржыландыруға жыл сайын 10 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсалады. Тек 2020-2022 жылдар аралығында олардың қызметіне шамамен 30 млрд теңге бөлінген.

Десе де қыруар бюджет қаражаты бөлінгеніне қарамастан, техникалық қадағалау жұмысының сапасына сарапшылар тарапынан көптеген сын айтылып келеді. Бұған сандар арқылы көз жеткізуге болады: 2022 жылы ЖАҰСО қызметкерлері жұмыс өндірісі участоктарында техникалық қадағалау инженерлерінің болмауына қатысты 185 дерек тіркесе, биыл жыл басынан бері осындай 75 жағдай анықталған. Бұл ретте Сапа орталығы тек ішінара сараптама жасайтынын айта кету керек. Айтпақшы, ЖАҰСО инспекторлары республикалық жол құрылысы, күрделі жөндеуден өткізу және қалпына келтіру жұмыстары кезінде айына тек 4 рет, орташа жөндеу кезінде айына 3 рет, жолды күту бойынша айына 2 рет қана тексеріс жұмыстарын жүргізе алады. Мердігер және техникалық қадағалау органдары тарапынан қандай да бір бұзушылықтарды анықтаған жағдайда Сапа орталығы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының өңірлік басқармаларына шағым түсіреді. Себебі олар техникалық қадағалау кураторлары болып саналады. Мәселен, 2020 жылдан бері әкімшілік жауапкершілікке 92 техникалық қадағалау қызметі тартылса, 59 инженер аттестатының қызметі тоқтатылды, 4 мердігерлік ұйым құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу лицензиясынан айырылды. Тұтас алғанда, салынған әкімшілік айыппұлдардың көлемі шамамен 130 млн теңге.

Алайда көп жағдайда жолға толығымен техникалық қадағалау жасау өкілеттігіне ие тұлғалар жазаланбайды. МСҚБ заң бұзушыларға аттестаттан айыру немесе лицензиясын тоқтату, айыппұл санкцияларын салу секілді қатаң шараларды қабылдамайды. Еліміздің түрлі өңірінде бір компанияның 6 сарапшысы аттестаттарынан айырылған жағдайлар болған, бірақ ол ұйымды жауапкершілікке тарту немесе аккредитацияны тоқтата тұру сынды шаралар қолданылмаған. Одан бөлек МСҚБ органдары елдің барлық өңірінде бірдей ЖАҰСО шағымдарына назар аудара бермейді. Мысалы МСҚБ органдарына жолданған 424 шағымның (2019-2023 жж.) 55 пайызы қабылданбады немесе мүлдем қаралмады. МСҚБ қабылдамаған шағымдардың негізгі бөлігі орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарға қатысты еді. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы өз шешімдерін ҚР Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңда көрсетілген өкілеттерге ие емес екенін айтып, түсіндірген. Бұл тұста соңғы жылдары басты назар орташа жөндеу жұмыстарына аударылып отыр. Бұған жыл сайын 200 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді. Осылайша бақылау да, қадағалау да жобаны жүзеге асыру да бір ғана қолда, тұйық шеңбердің ішінде қалады.

Тағы бір маңызды проблема – техқадағалау мамандарының біліктілігі. Ондағы қызметкерлердің көбінің арнайы білімі жоқ немесе инжинер тұрғын үй құрылысымен жол құрылысын қатар қадағалап жүреді. Мәселен 2022 жылы 1 ғана инженер Ақтөбе облысының 4 ауданындағы 18 нысанында тіркеліп, бір уақытта 4 түрлі ұйым тізімінде тұрған. Осыған ұқсас жағдай Қызылорда облысында да анықталған, онда бір инженер 11 нысанда техқадағалауды қатар жүзеге асырып отырған. Мұндай фактілер республика аумағында өте көп.

Сондай-ақ, бүгінгі күні техқадағалау мамандарын аттестациялау кезінде азаматтық құрылысқа да жол құрылысына да біріңғай базадағы сұрақтармен аттестацияланады. Ал ондағы 1 200 сұрақтың тек 8 сұрағы жол құрылысына қатысты.

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы мамандары Техқадағалау қызметін заңнамалық деңгейде бақылауды қатаңдату керек деп санайды. Проблеманы шешу жолы ретінде сарапшылар қызметкерлерді аттестациядан өткізу кезінде оларды азаматтық құрылыс және жол құрылысы категорияларына бөліп, автомобиль жолдарындағы аталған қызметті аттестациялау өкілеттігін ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетіне беруді, бұған дейін салынған айыппұлдар ескерілетін МСҚБ-ның бірыңғай жүйесін жасақтауды ұсынып отыр. Айта кету керек, бүгінгі күні мұндай ортақ база жоқ… Жол салу және кепілдік мерзімі кезеңіндегі жауапкершілік заңнамалық түрде мердігер мен тапсырыс берушіге ғана емес, солармен бірдей деңгейде техбақылауға артылуы тиіс.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Дәрі-дәрмектерді таңбалау және бақылау ережелерI

2024 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 28 маусымдағы «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img