spot_img
Жұма, Сәуір 26, 2024
4.2 C
Kokshetau

Оқу озаттары мен белсенділердің мерейтойлық слеті

Сондай-ақ...оқыңыз

2023 жылы 26 мамырда «AMANAT» партиясының бастапқы тобы мен «Жас ұлан» мектеп ұйымының бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру және Көкшетау қаласының №6 мектеп-лицейінің 80 жылдығын мерекелеу аясында Щучье-Бурабай курорттық аймағында №6 мектеп-лицейінің оқу үздіктері мен белсенділерінің алғашқы слеті өтті.

Мерейтойлық слетке 5-11 сынып оқушылары арасынан 80 делегат қатысты. Олар: оқу үздіктері, қалалық пәндік олимпиадалар мен білім турнирлерінің, республикалық, халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың жүлдегерлері, түрлі шығармашылық конкурстар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары.

Оқу үздіктері, ғылыми конкурстар мен пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері, белсенділер білім турнирлеріндегі, ғылыми жобалар байқауындағы жүлделі орындар үшін қалалық білім бөлімінің дипломдарымен, мектеп-лицей әкімшілігінің алғыс хаттарымен және «Мектеп мақтанышы» медальдарымен марапатталды.

Олардың қатарында республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары – пәндік олимпиаданың күміс жүлдегері Айару Қатқай, Алуа Шәкір, Дамир Қайыр, қалалық пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері – Илья Новиков, Руслан Ревера, «Зерде» және «Дарын» байқауларының жүлдегерлері – Адия Кошманова, Аруана Қайыргелдинова, Кирилл Гордеев және тағы басқалары бар. Марапатталғандардың қатарында «Жол қозғалысының жас инспекторлары» командасының мүшелері, қалалық байқаудың жеңімпазы — жетінші сынып оқушылары Яромир Суртаев, Владимир Капитонов, Карина Павенская, Никита Ермишкин бар. №6 мектеп-лицейінің директоры Г. Ж. Абдыкасымова делегаттарға мектеп жетістіктерінің қоржынына қосқан жеке үлестері үшін алғысын білдірді.

Естелік сапар аясында №6 мектеп-лицейінің делегациясы біздің өлкеміздің көрікті жерлерін, «Ботай-Бурабай» мұражайын, Абылай хан алаңын, интерактивті мультимедиялық кешенін, Бурабайдағы Табиғат мұражайы жанындағы хайуанаттар бағын, Иманаев бұлағын, Бөлектау тауын, Оқжетпес және Жұмбақтас жартастарына қарайтын Әулиекөл көлінің көркем жағалауын аралады.

Слет соңында мектеп президенті Дариға Нағманова, қалалық әскери-патриоттық жарыстардың жүлдегері және республикалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпазы Дамир Қайыр слет делегаттарының мектептің барлық оқушыларына арнаған үндеуін оқыды. Өз үндеуінде мектеп белсенділері оқушыларды мектеп пен сыныптың қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, үнемі спортпен шұғылдануға, ой-өрісті кеңейтуге және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуға шақырды!

Іс-шара слет делегаттары үшін арнайы дайындалған мерекелік тортпен шай ішумен аяқталды. Музыка мұғалімі Ержан Есимов форум қатысушыларына Отан және мектеп достығы туралы әндер шырқады.

Қызықты бағдарламаның арқасында слет барлық қатысушылардың жадында ұзақ уақыт сақталады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img