spot_img
Жұма, Маусым 21, 2024
16.6 C
Kokshetau

Депутат мұқтаж отбасының үйлі болуына көмектесті

Сондай-ақ...оқыңыз

Жуырда отағасынан айрылып, қара жамылып отырған Қоянды ауылының тұрғыны Айгүл Оспанованың баспанасы  өртеніп, қайғы үстіне қара  жамылды. Әлдеуметтік желі арқылы  көмек сұраған хабар кәсіпкер, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Руслан Шамкеновке де жетеді.

Бес баласымен қиын жағдайда қалған келіншек қапыда өмірлік жан жолдасынан айрылып қалса, жуырда үйі өртеніп жағдайы одан сайын қиындай түсті. Әйтсе де, бұл отбасы үй жанынан жаңадан үй салып бастаған екен. Күйеуі қайтыс болған соң, шиеттей бала-шағамен жалғыз қалған Айгүл Оспанованың құрылысты аяқтауға шамасы келмеген. Көпбалалы анаға Руслан Шамкенов бастаған «Gentlemеns Club» қайырымдылық қоры 3  млн.теңге соммасында көмек көрсетіп,  2 млн.700 мыңға құрылыс заттарын  әкеліп тапсырды. Қалған 300 мың теңгені отбасының керек жарағына деп қолына тапсырды.

Жанына өзіндей кәсіпкер, атымтай жомарт азаматтарды жинаған Руслан Жақсылықұлы бұған дейін де мұқтаж отбасыларға 12 баспана алып берген. «Біздің қайырымдылық қор үшін критерий мұқтаж отбасының бес баладан кем балалары болмауы керек. Біз осындай отбасыларға ай сайын көмектесуді міндетке айналдырдық. Қайырымдылық қор қаражатына азық түліктен бастап, баспана алып беруге дейін көмек жасалады»,- дейді ол.

Өзінде барымен, өзгемен бөлісу арқылы көпке үлгі болған азаматтар өңірімізде қайырымдылық жасаудың ең үздік үлгісін көрсетіп жүр десе де болады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда мемлекеттік қызметшілерді құттықтады

"Достар" МС-нда Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік іс-шара жас мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімінен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img