spot_img
Жұма, Наурыз 29, 2024
1.2 C
Kokshetau

Бокстан Ұлттық ұлан қаһарманын еске алу турнирі ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Жаңаарқа ауданының орталығында бокстан жасөспірімдер арасында  Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қаһарманы қатардағы жауынгер Айбат Амановты  еске алуға арналған Ұлытау облысының ашық турнирінің ашылу салтанаты өтті. Аталмыш спорттық шараға облыстан бөлек, еліміздің әр өңірінен бірнеше команда қатысуда.

Айбат әскерге дейін спортты жақсы көретін. Қолдан спорттық құрылғыларды жасап үйде жаттығатын. Ауыл балаларымен бірге бокспен шұғылданатын. «Акула» деген лақап аты да болатын. Ұлымды ұмытпай, осы турнирге келген Ұлттық ұлан әскери қызметшілеріне рахмет.  Бүгінгі шараны ұйымдастырушыларға айтар алғысым шексіз,-дейді батырдың әкесі Ербол Аманұлы.

Анасы Гүлнәз Әлкенқызының айтуынша, Айбат үйдегілерді ас бөлмеге кіргізіп, өзі қонақ залында дене шынығуын түсіретін.

«Ол кезде  кіре алмайсың. Видеокамера алдында, кейін түсіріп болған соң, қолын тартып бұлшық етінің қатты екенімен мақтанатын «Міне анашым, ұстап көріңізші»» ,- деп еске түсірді.

Еске салып өту керек, Айбат Аманов Талдықорған қаласындағы Ұлттық ұланның 5514 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеді. Қайғылы қаңтар оқиғасы кезінде ерлікпен қаза тапты.  Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарылығымен Айбат Ерболұлы Аманов ІІІ -ші дәрежерлі  «Айбын»  орденімен қаза тапқаннан кейін  марапатталды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қылшақты өзені арнасынан асып, маңайындағы үйлер суда қалды

Ағымдағы жылдың 28 наурызында Көкшетау қаласының Қылшақты өзені дала суларының жиналуына байланысты арнасынан  асып, қызыл су маңайындағы жеке үйлерге...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img