spot_img
Дүйсенбі, Қыркүйек 23, 2024
5.4 C
Kokshetau

Шалғай ауылдардағы ағайынның мәселесі басты назарда

Сондай-ақ...оқыңыз

«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының бастамасымен облыстық мәслихат депутаты Нұрлан Жаровтың кезекті азаматтарды қабылдауы Зеренді ауданына қарасты Симферополь ауылында мобильдік қабылдау түрінде өтті. Қарамағына үш ауыл кіретін ауылдық округтің мәселесі көп. Солардың негізгісі медициналық жедел жәрдем, өрт сөндіру бекеті, хоккей корты мен дәріхананың жоқтығы, сондай ақ ауыз суды әр үйге кіргізу мәселесі мен қатар іргелес жатқан Бұлақ, Жолдыбай ауылдарындағы телефон, интернет байланысының жоқтығын жеткізді тұрғындар.

Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Жаровқа жеке мәселесін айтып келгендер көп болды. Дәрігерлік кеңес алып, ота жасау, порталға тұру, оңалту курсынан өту мен тегін дәрі дәрмек сұрақтары да жиі қойылды.  Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Нұрлан Жаров аталған барлық мәселелер бойынша тиісті мекемелерге сұрау салып, депутаттық сауал жолдайтындығын жеткізді. «Дәл бүгінгі күні осы үш ауылдың тұрғындары Көкшетау қаласындағы, Зеренді және Красный яр ауылындағы медицина мекемелеріне тіркелген. Бұл өте ыңғайсыз. Халықтың жүріп тұруына қорлайсыз. Сондықтан, ең жақын әрі тиімді деген мекемеге тіркеуге тұрыңыздар»,- деп кеңесін берді.

Қабылдауға келген азаматтардың мәселесін жазып алған облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Ақманат Әлімбетова ауыл тұрғындары партияның аудандық немесе облыстық филиалына әрдайым келе бермейтіндігін айтып, «Біз тұрғындардың түйінді мәселелерді алға тартып келуін күтіп отырмай, оларға өзіміз барамыз. Осы жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Бұл қадам шалғай ауылдардың мәселелерін назарға алып, сол бойынша жүйелі шешімдер қабылдау үшін ақпаратты талдауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті ол.

Жалпы, Ақмола облысының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне жыл басынан бері 736 өтініш түсіп, оның 46 пайызы   оң шешімін тапты, 48 пайызына  түсініктеме берілді, қалған 6 пайызы   орындау үстінде.

Ай ішінде 293 қабылдау жүргізіліп, оның барысында 608 адам қабылданып, 275 мәселесі оң шешімін тапты.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АЭС – болашаққа нық қадам !

Қазақстан Республисы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетаулық спортшылармен, ұстаздар қауымымен және халыққа қызмет...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img