spot_img
Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
8.2 C
Kokshetau

Сотқа жүгінген кезде мемлекеттік баж қалай төленеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекеттiк баж «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 607 бабына сәйкес уәкiлетті мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар, оның ішінде құжаттарды (олардың көшірмелерін, телнұсқаларын) берумен байланысты әрекеттер жасағаны үшiн алынатын, бюджетке төленетін төлем болып табылады.

Салық Кодексінің 608 бабына сәйкес уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға немесе лауазымды адамдарға заңдық мәнi бар әрекеттер жасау жөнiнде өтiнiш жасайтын тұлғалар мемлекеттiк баж төлеушілер болып табылады.

Сотқа жүгінген кезде Салық Кодексінің 609 бабы 1 бөлігінің 1 тармағына сәйкес мемлекеттік баж алынады:

– сотқа берiлетiн әкімшілік талап қоюлардан, талап арыздардан, ерекше талап қою ісін жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу iстері бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға атқару парақтарын беру туралы арыздардан, төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхаттардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де құжаттардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан.

Мемлекеттік баж төлеуден босату Заңның тікелей көрсетілуіне байланысты ғана мүмкін болады. Салық Кодексінің 616 бабы соттарда мемлекеттік баж төлеуден босатылуға жататын тұлғалардың толық тізбесін қамтиды. Тұлға мүліктік жағдайы бойынша мемлекеттік баж төлеуден босатыла алмайды.

Мемлекеттік бажды төлеуге арналған төлем түбіртек түпнұсқада ұсынылуға тиіс екенін атап өту қажет. Өтінішті электрондық түрде берген кезде, төлем құжатының көшірмесін ұсынуға болады, бірақ кейіннен түпнұсқасын беру керек.

Мемлекеттік бажды төлемеу, түбіртектің төлем тапсырмасының, чектің және мемлекеттік баждың төленгенін растайтын басқа да қағаз немесе электрондық құжаттардың болмауы өтінішті қабылдаудан бас тартуға, демек, оны қараудан бас тартуға негіз болып табылады.

Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік баждың тіркелген пайыздық мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мемлекеттік бажды төлеу күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізге алына отырып есептеледі.

Салық Кодексінің 610 бабы 1 бөлігінің 12 тармағына сәйкес сот шешiмдерiнің, үкiмдерiнің, ұйғарымдарының, соттардың өзге де қаулыларының көшiрмелерiн (телнұсқаларын), сондай-ақ iске қатысатын тараптар мен басқа да тұлғалардың өтiнiмi бойынша соттар беретін істің басқа да құжаттарының көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан әрбiр құжат үшiн 0,1 АЕК, сондай-ақ әрбiр дайындалған бет үшiн 0,03 АЕК құрайды.

2023 жылға АЕК (айлық есептік көрсеткіш) 3450 теңге сомасында белгіленді.

Есептеу кестесі:

3450 теңге – 10%=345 теңге,

3450 теңге – 3% = 103,5 теңге (әр бет үшін)

Сот актісі 1-ші бетте – мемлекеттік баж сомасы – 345 теңге

2 парақ – 448,5 теңге

3 парақ – 552 теңге

4 парақ – 655,5 теңге

5 парақ – 759 теңге

6 парақ – 862,5 теңге

7 парақ – 966 теңге

8 парақ – 1069,5 теңге

9 парақ – 1173 теңге

10 парақ – 1276,5 теңге және т.б.

 

Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы –

Марем Хасановна Албакова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img