spot_img
Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
9.2 C
Kokshetau

Степняк – Щучье – Уәлихан тасжолына күрделі жөндеу басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Степняк – Щучье – Уәлихан тасжолына күрделі жөндеу басталды, деп хабарлайды ktk.kz.

Ақмола облысында әбден тозығы жеткен Степняк-Щучье-Уәлихан тас жолына күрделі жөндеу басталды. Бұл облыстық маңызы бар жол алты бірдей ауылды басып өтеді. Ал ойдым-ойдым тасжолдан шаршаған жүргізушілер қуанып отыр.

«Жол азабын әбден көріп келе жатырмыз. Көлігіміз осы жолдан қирап, жөндеуден өткізеөткізе, жүріп-тұру қиын болды. Жолдың сапалы болғаны жақсы. Біздің тілегіміз де сол», – Неғман Ақанов, Үлгі ауылының тұрғыны.

Алты ауылды айналып өтетін тасжол қос жолақты болады. Курортты аймаққа дейін баратын 42 шақырымды мердігер компания үш жылда салып бітіруге тиіс. Степняк қаласынан Үлгі ауылына дейін жеті шақырым жолды аяқтап қалған «Көкшетау жолдары» Серіктестігі жеті жерден су ағатын өткел салыпты. Құрылысқа маңайдағы ауыл тұрғындары тартылған. Қазір ауыр техника жерді тығыздап, жолды кеңейтуге кіріскен.

«Қазір жол қабатын тығыздап, цементбетонмен бекітіп жатырмыз. Биыл республикалық бюджеттен 2 миллиард 100 миллион теңге бөлінді. Жұмыс жалғасып жатыр. Бірнеше жерден су өткізетін құбыр тартып жатырыз. Осы жылы 15 шақырым жолды асфальттап тапсыруға тиіспіз», – Ұлан Байсейітов, Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img