spot_img
Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
5.2 C
Kokshetau

Мемлекеттік қызметшілерді заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол берілмейді

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жұмыс тәртібін ұстануы өзекті мәселе. Мемлекеттік қызметшілер аптасына 40 сағаттан аспайтын жұмыс тәртібін сақтайды.

Бұған дейін мемлекеттік қызметтегі заңсыз үстеме жұмысқа тарту мәселесіне қадағалауды жергілікті атқарушы орган болып табылатын Еңбек инспкециясы басқармасы жүзеге асырса, қазіргі таңда бұл функция Агенттікпен оның аумақтық департаменттеріне берілді.

Мемлекеттік қызметшілерді заңсыз үстеме жұмысқа тарту мәселесіне мониторинг Департаментпен  тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жүргізілген мониторингтің қорытындысы бойынша өткен жылдың өзінде мемлекеттік қызметшілердің 500 сағаттан асатын үстеме жұмысқа тартылғаны анықталды.

Аталған мәселенің өзекті екенін ескере отырып, Агенттікпен ағымдағы жылдың сәуір айында мемлекеттік қызметшілер үшін қашықтықтан жұмыс, икемді жұмыс уақыты режимін қолдану және жұмыс уақыты режимін сақтауға мониторинг жүргізу қағидалары бекітілді.

Қашықтықтан жұмыс немесе аралас қашықтықтан жұмыс істеуді уәкілетті адам төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген, төтенше жағдай жарияланған не өзге де шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезеңде, сонымен қатар, еңбек заңнамасына сәйкес жұмыскерлердің өміріне немесе денсаулығына қатер төндіретін басқа да айрықша жағдайларда белгілеуі мүмкін.

Мемлекеттік органда икемді жұмыс уақыты режимін келесі жағдайларда белгілеуге болады:

  1. Мүгедектігі бар, жүкті болып табылатын, он төрт жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған, мүгедектігі бар балалары, оның ішінде асырап алған балалары бар (қорғаншы болып табылатын) жалғызбасты ата-ана, көпбалалы ата-ана (қорғаншы) болып табылатын немесе асырауында қарт ата-аналары бар мемлекеттік қызметшілер және жүкті әйелдер үшін;
  2. Мемлекеттік органның орналасқан жерінен алыс жерде тұратын адамдар үшін;
  3. Жұмыскердің жұмыс уақыты режимін сақтауы дәлелді себептер бойынша мүмкін болмайтын өзге де жағдайларда.

Икемді жұмыс уақыты режимін қолдану кезеңі алты айдан аспауы тиіс. Тараптардың келісімі бойынша икемді жұмыс уақыты режимін қолдану кезеңі ұзартылуы мүмкін.

Қашықтықтан жұмыс, аралас қашықтықтан жұмыс, икемді жұмыс уақыты режимдері белгіленген жұмыскерлерге келесі талаптар қойылады:

– Жұмыскер мемлекеттік қызмет, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнаманы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін және мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулерді сақтауы қажет.

– Жұмыскер жұмыс орнынан тыс жерде лауазымдық міндеттерін орындау кезінде өзінің қауіпсіздігі, жұмыс үшін жасалған қажетті жағдайлар және басқалар үшін дербес жауапты болады.

– Жұмыскер өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Департамент алдағы уақытта аталған Қағидалардың мемлекеттік органдарда кеңінен қолданылу мәселесіне қатысты кеңауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.

 

Дархан Хайруллин, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img