spot_img
Жұма, Маусым 21, 2024
21.1 C
Kokshetau

Облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының бірінші ұйымдастыру отырысы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының бірінші ұйымдастыру отырысы Марат Қойшыбаевтың төрағалығымен өтті. Комиссия мүшелері, депутаттар Белла Газдиева, Қалел Рахматулин, Руслан Шамкенов, Ғалымхан Саханов, Клара Меңдібаева, Алмаз Мұхамедьяев өздерінің негізгі қызметі туралы қысқаша айтып берді. Содан кейін күн тәртібін талқылауға көшті.
Тұрақты комиссияның 2023 жылға арналған жұмыс жоспарының ұсынылған жобасын қарастыра отырып, депутаттар бірқатар елеулі түзетулер мен ұсыныстар енгізіп, оны өзгерістерді ескере отырып бекітті. Мәселен, тұрақты комиссия Атбасар ауданына барып, денсаулық сақтау мәселелері блогын: ӘМСҚ, халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын қарауды жоспарлап отыр. Депутаттар Бурабай, Жақсы, Қорғалжын және Целиноград аудандарына барып, Ақмола облысында «Ауыл – ел бесігі» жобасының тиімділігі мен одан әрі іске асырылу барысын талдауға ниетті. Туристік кластерді, оның ішінде қонақ үй бизнесін дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, салық төлемдерінің түсуі бойынша озық тәжірибені қарастыру және өз базасында көшпелі отырысты өткізу бастамасымен Аршалы ауданындағы «BEIBARYS» демалыс аймағының бас директоры, тұрақты комиссияның мүшесі Руслан Шамкенов ұсыныс жасады.
Бұдан басқа, комиссия мүшелері Степногорск қаласының энергокешенінің (ЖЭО, горводоканал) жай-күйін зерделеу және қалалық ауруханасын аралау мақсатында Степногорскқа баруды жоспарлады.
Комиссия төрағасы М. Қойшыбаев атап өткендей, жыл ішінде жоспар халықтың сұраныстарына жедел ден қою мақсатында, сайлаушылардың өтініштерін ескере отырып түзетілетін болады.
Отырыста жалпы дауыс беру арқылы депутат Руслан Шамкенов экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары болып сайланды.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда мемлекеттік қызметшілерді құттықтады

"Достар" МС-нда Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік іс-шара жас мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімінен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img