spot_img
Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
8.2 C
Kokshetau

«Ақмола жұлдыздары» атты облыстық халық шығармашылығы байқауы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

2023 жылдың 13 сәуірінде Жақсы ауданында Абылай ханның 310 жылдығына, Құрманғазы Сағырбайұлының 205 жылдығына және Ақан сері Қорамсаұлының 180 жылдығына арналған «Ақмола жұлдыздары» атты жыл сайынғы облыстық халық шығармашылығы байқауы өтті.

Бұл мәдени іс-шараның маңызды және ажырамас бөлігі – «Киелі өнердің өшпес ізі» сәндік-қолданбалы жанр шеберлерінің көрмесі, оның мақсаты халық қолөнерін насихаттау және аудан шеберлерінің шығармашылық әлеуетін ашу. Ұлттық стильде жасалған көрмеде Қазақстан халқының мәдениетін, тұрмысын, дәстүрлерін бейнелейтін сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнері шеберлерінің үздік жұмыстары ұсынылды.

13 шебер көрмеге келушілердің назарына әртүрлі техникада және түрлі материалдардан жасалған 125-тен астам жұмыстарын ұсынды.

Бадырова Г.Т., Әділшынова А. К., Белгібаев Б. К., Шырақбаев А. А., Денсенбеева Ж. және Выломова М. халық шығармашылығының дамуына қосқан үлесі үшін байқау дипломдарымен марапатталды. Көрменің «айстоппері ретінде» (ағылш. «eye –көз», «stop»-тоқтау, назар аударатын, көз тартар») дәстүрлі емес библиовернисаж ұсынылды. Сәнді безендірілген кітаптарда әр елдің ұлы адамдары кітап оқудың пайдасы туралы айтқан дәйексөздері, ғасырлар тереңінен тарихты жеткізетін байланыстырушы буын кітап екенін ұмытпауға шақырады.

 

Жақсы ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img