spot_img
Сенбі, Шілде 18, 2026
28.6 C
Kokshetau

«Жүргізуші куәлігін сатып алғысы келген»: Көкшетауда ер адам белгісіз жанға алданған

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау тұрғыны жүргізуші куәлігін сатып алуға тырысып, алаяқтың құрбаны болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

12 сәуірде Көкшетау қаласының полиция басқармасына 28 жастағы жергілікті тұрғын алаяқтық бойынша шағымданды.

“Көкшетаулық белгісіз адамға шара қолдану туралы өтінішпен жүгінді. Қаскөй алаяқтық жолмен 130 мың теңге ақша қаражатын иемденді. Ақмолалықтың айтуынша, әлеуметтік желідені жүргізуші куәлігін жасау туралы хабарландыруды көрген», – делінген хабарламада.

Жігіт жарнамада көрсетілген сілтемеге көшті. Нұсқауларды орындай отырып, банктік қосымшаның көмегімен WhatsApp-та хабарланған телефон нөміріне ақша аударды. Алайда ақшасын алғаннан кейін хабарландыру авторы оны бұғаттаған.

«Аталған факті бойынша ҚК-нің 190-бабы, 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәртіп сақшылары ресми құжаттарды қолдан жасағаны, дайындағаны немесе өткізгені, сондай-ақ оларды пайдаланғаны үшін ҚР ҚК 385-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық қарастырылатынын айтты. Ресми құжаттарды тек мемлекеттік органдардан алуға болады», – деп еске салды полиция.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында қылмыс 24 пайызға азайды: алаяқтық төмендеп, цифрлық қауіпсіздік күшейіп келеді

Ақмола облысында биылғы алты айда қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендеді. Құқық қорғау органдарының дерегіне сәйкес, өңірде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика