spot_img
Жұма, Мамыр 3, 2024
12.2 C
Kokshetau

Азаматтардың заңды құқықтары басты назарда

Сондай-ақ...оқыңыз

        Көкшетау қаласының прокуратурасымен көппәтерлі абаттандырылған үйлердің тұрғындарына қатты-тұрмыстық қалдықтарды (бұдан әрі  – ҚТҚ) жинау және тасымалдау қызметтері үшін сомаларды есептеудің негізділігі  талданды.

Мұндай үйлердің тұрғындары осындай қызметтер үшін дұрыс емес тариф қолданғаны белгілі болды.

07.10.2022 жылы Көкшетау қалалық мәслихатымен бір тұрғынға айына қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) ескере отырып, абаттандырылған үйлер үшін  облыс орталығында ҚТҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму бойынша қызметтердің құны 500 теңге, ал абаттандырылмаған үйлер үшін бір тұрғынға айына ҚҚС есебімен 580 теңге сомасында белгіленген.

Қазіргі уақытта қоқыс шығаратын компанияда ҚТҚ сұрыптауды және көмуді жүргізуге мүмкіндіктері жоқ екені анықталды.

Сол себепті, өткен жылдың 1 желтоқсанынан бастап Көкшетау қ. аумағында абаттандырылған үйлер үшін ҚҚС есебімен тұрғыннан айына 377 теңге, абаттандырылмаған үйлер үшін ҚҚС есебімен тұрғыннан айына 438 теңге жинауды және тасымалдауды қамтитын тариф қолданылады.

Талдау барысында көппәтерлі абаттандырылған үйлердің тұрғындарына 377 теңгенің орнына ҚТҚ жинау және тасымалдау қызметтері үшін 438 теңге, яғни абаттандырылмаған үйлердің тұрғындары үшін есептелген фактілер анықталды.

Талдау нәтижелері бойынша енгізілген заң бұзушылықтарын жою туралы ұсыну жергілікті әкімдік үшін төленуге жататын сомадан алу жолымен артық төленген қаражатты қайтару арқылы көрсетілген қызмет түрлері бойынша тұрғындарға есептелген сомаларды қайта тексеруге негіз болды.

Мұндай жағдайларда қадағалау органы тарапынан қабылданған шаралармен облыс орталығының 6 350 тұрғынының құқықтары бұзылды, олар бүгінгі күні ҚТҚ жинау және тасымалдау жөніндегі қызметтер үшін сомалар белгіленген тарифке сәйкес есептеледі.

 

 

 

Дереккөз: Облыс прокуратурасының баспасөз қызметі

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ХАЛЫҚТЫҢ ЖАЙЛЫ ТҰРМЫСЫ ҮШІН БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАЛАДЫ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Бұл қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img