spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 17, 2024
15.2 C
Kokshetau

«Көкшетау» халықтық би ансамблі Халықаралық хореографиялық өнер байқауының гран-при иегері атанды

Сондай-ақ...оқыңыз

4 сәуір күні Ақмола облысы мәдениет басқармасы, «Көкшетау» халықтық би ансамблінің фан-клубы сүйікті жеңімпаздарын гүл шоқтары және ыстық ықылас тілектерімен құшақ жая қарсы алды,-деп хабарлайды облыстық мәдениет басқармасы.

Атап өтсек, 1-2 сәуір күндері Шымкент қаласының «Түркістан» сарайында «Қазына» фестиваль қозғалысы мен «Hermes Travel Agency» туристік агенттігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Халық әртісі, өнертану кандидаты, балетмейстер Әбіров Дәурен Тастанбекұлының 100 жылдығына арналған «ШУАҚТЫ ҚЫЗҒАЛДАҚТАР» Халықаралық хореографиялық өнер байқауы өтті.

Байқауға «Көкшетау» мәдениет сарайының «Көкшетау» халықтық би ансамблі қатысып, қазылар алқасы мен көрермен назарына 5 хореографиялық композиция ұсынды.

«Бойжеткен» ансамблінің орта тобының билері мен «Орамалмен қытай биі» ГРАН-ПРИ, «Тұмар» – 1 орынды иеленді. «Еңбек түтігі береке» және «Салтанат» негізгі құрамының билері жүлделі бірінші орындарға ие болды.

«Көкшетау» халықтық би ансамблі өз шеберлігімен барша халықты қуантып, жақсы көңіл күй сыйлап, би тілімен, өнерімен өлкеміздің сұлулығын суреттеуде. Аталмыш ансамбілдің ғұмырнамасы 1974 жылы  Ленин атындағы мәдениет сарайында басталған. Ансамбльдің тұсаукесері Көкшетау қаласының 150-жылдық мерейтойына арналған мерекеде өткен еді. Құнарлы еңбек етіп, үлкен шығармашылық жетістіктер мен қазақ ұлттық би өнерін насихаттаған үшін «Көкшетау» би ансамблі Қазақ КСР-ның мәдениет Министрлігінің жарлығымен «халықтық» деген атаққа ие болды. Сол жылдың қыркүйек айында ансамбль Югославия Социалистік Федеративтік Республикасына гастрольдық сапармен барып қайтты. 1980 жылы «Көкшетау» халықтық би ансамблі «Кербез сұлу» Бурабай жерінде түсірілген «Қош бол, Медеу!» атты Қазақстан мен Чехословакия біріккен көркем фильміне қатысты. Ұжым қыздары «Шашу» биін билеп, көпшілік көріністерге қатысты.

Көп  жылдар бойы ҚР еңбек сіңірген әртістері Тойган Ізімова және Гүлнар Саитова, Шымкент қаласындағы  ҚР Мәдениет қайраткері «Қазына»  халық би ансамблінің жетекшісі Зәуре  Әжібековамен тығыз қарым-қатынаста болды. Ансамбль жетекшілігі да талмастан шығармашылық ізденіс жасап көптеген жаңа хореографиялық қойылымдар жасауда. Осынау бірегей қырдың бірі боп ансамбілдің көптеген халықаралық фестивальдерге қатысуы болып келеді.

«Көкшетау» халықтық би ансамблі Облыстық  «Ақмола жұлдыздары» халық шығармашылығы  байқауының  бірнеше  дүркін   лауреаты, Халықаралық, республикалық және облыстық байқаулардың дипломанты. Ұжымның шығармашылығымен тек Көкшетау қаласының тұрғындары ғана таныс емес, оған ТМД елдері мен алыс шетел көрермендері қошемет көрсетті.

Өнер ұжымын жеңісімен құттықтай отыра, шығармашылық табыс тілейміз! Шығар шыңдарыңыз, бағындырар белестеріңіз бен алар асуларыңыз биік болсын!

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Ол су тасқынына қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел штабтың...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img