spot_img
Сенбі, Сәуір 20, 2024
24.2 C
Kokshetau

Ажарлы Ақмола ақ халатты жандарды күтеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы – экономикасы  уақыт ағысымен қарқынды дамып келе жатқан бірден бір аймақ.  Елордаға жақын орналасқан Көкшетау қаласы «Қазақстанның ең таза қаласы» атағына үміткер бола алады. Қаладан 50 шақырым қашықтықта Зеренді табиғи паркі мен Зеренді көлі бар. Ол маң – жартастар мен каньондардың, шатқалдардың шеті.  Коаксиалды бордың арқасында бұл жердің ауасы таза, шөбі шалғын. Білетіндеріңіздей, Көкшетаудың саф сұлулығы, көрікті жері – «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі. Оны қылқан жапырақты ормандар ортасындағы таулар мен он төрт көл безендіріп тұр. Бұл жер тек қана көркем демалыс орны емес, емдік қасиеті бар мекен. Жұмсақ таулы климат, таза ауа және емдік балшықтар жан мен тәнге шипа.

Бүгінде өңірдің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға көп көңіл бөлініп жатыр. Соңғы жылдары емдеу-алдын алу мекемелерінің жабдықтары түбегейлі жаңартылып, озық медициналық технологиялар енгізіліп, жаңа объектілер пайдалануға берілді.

Өңірге 560 денсаулық сақтау объектісі медициналық көмек көрсетеді. Оның ішінде 23стационарлық көмек көрсететін  ұйым, 529 амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйым, 8 өзге де денсаулық сақтау ұйымдары бар.

Осы  жылы облыста «Ауылдың денсаулығын сақтау» ұлттық жобасын іске асырылып жатыр.  Ақмола облысына 38 жаңа бастапқы буын нысаны салынып, пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, инфрақұрылымды жақсарту және материалдық-техникалық базаны жаңарту, 2 аурухананыкөпсалалы орталық аудандық ауруханаға айналдыру  мәселесі пысықталуда. Сондай-ақ, Көкшетау қаласында жаңа көпсалалы облыстық аурухана салу жоспарланған.  Оның мақсаты – озық технологияларды қолдана отырып, елдің солтүстік аймағында халықаралық деңгейдегі аурухана құру. Осылайша, ескірген төрт түрлі бейінді стационардың орнына жаңа көпсалалы аурухана салынып, онда мультидисциплинарлық тәсіл іске асырылатын болады.  Бұл ауруханалар Ақмола облысы мен көрші өңірлердің тұрғындарына қолжетімді болып, уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Ашылу барысында шеберлік сыныптары мен тәжірибе алмасу үшін Түркиядан жетекші дәрігерлердің келуі жоспарлануда. Әрі, 2023 жылы Біржан сал ауданы Степняк қаласындағы емханамен біріктірілген аудандық аурухана құрылысын бастайды.Сонымен қатар, Целиноград ауданының Қоянды ауылындағы МСАК орталығының, Новосельское ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункттің және Атбасар ауданының Сочинское ауылындағы медициналық пункттің құрылысы аяқталады. Жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесінде медициналық мекемелердің жағдайы жақсарып, медициналық қызметтердің сапасы артпақ.  Ол үшін өңірлерге жас және білікті кадрлар тартылуда.

Бүгінгі күні өңірге медициналық кадрларды тарту мақсатында бірқатар жүйелі және дәйекті шаралар қабылданды. Пәтер мен жатақхана беру, жалдау төлемдерін төлеу, дәрігерлердің балалары үшін балабақшаларда орын бөлу, олардың жұбайларын жұмысқа орналастыру және басқа да қолдау түрлері арқылы медицина мамандарына әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Бұдан басқа өткен жылы аудандық және облыстық маңызы бар қалалардағы жас мамандарға көтерме төлемдер 1,5 миллион теңгеге дейін, ал, ауылдық жерлердегілерге  2,5 миллион теңгеге дейін ұлғайды. Өткен жылдың өзінде облысқа 90-ға жуық дәрігер келді. Ақмола облысына келген 27 жас маман үшін жалпы сомасы 50 миллион теңге көтерме төленді. Осы жылы жергілікті бюджет қаражатынан бөлінген сома 120 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды.

Ауылдардағы жас дәрігерлерді бекіту үшін «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы іске асырылып,  көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға жеңілдікпен кредит беріледі. Осы бағдарлама бойынша өткен жылы 75 медицина қызметкері жалпы сомасы 23 миллион теңгеге көтерме қаражат алды және 54 медицина қызметкері тұрғын үй сатып алу несиесін жалпы сомасы 243 миллион теңгеге пайдаланды. Дәрігерлер үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын дәрігерлік персоналдың жалақысы орта есеппен 30%-ға, орта медициналық персоналдың жалақысы 20% – ға және кіші персоналдың жалақысы 15% – ға артады.

Сонымен қатар, жыл сайын резидентурада оқуға 35 грант, Көкшетау университетінің медицина факультетінде «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқуға 50 грант бөлінеді. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетiнде бүгінгі таңда 740-қа жуық адам оқиды. Оның ішінде облыс әкімінің гранттарын 200 адам иеленген. Сондай-ақ, орта буын медицина қызметкерлері үшін жергілікті бюджет есебінен 190 грант бөлінеді.

Құрметті түлектер! Сіздерді Ақмола облысының медициналық ұйымдарына жұмысқа шақырамыз. Мұнда сіз өз мамандығыңыз бойынша жұмыс тауып қана қоймай, барлық қажетті материалдық, әрі, әлеуметтік қолдау табасыз. Таптырмас тәжірибе алып,  кәсіптік жолда өсудің үлкен мүмкіндігіне ие боласыз. Біз Сіздерді Ақмола облысында күтеміз!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ БҮГІНГІ БАТЫРЫСЫЗДАР!»

  Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов шыңдар мен жазықтарды,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img