spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
5.2 C
Kokshetau

«Елдегі түйіткілді мәселелер шешілсе деймін»,- журналист Ермек Елберген

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі депутаттарының алдында бірқатар маңызды міндет тұрғанын атап өтті. Қазіргі уақытта қоғамда қордаланған мәселелер аз емес. Сондықтан заң шығарушы орган барынша белсенді жұмыс істеу қажет.

Шағын және орта бизнесті дамытудың тың әдістерін табу керек. Осылайша, жалпы ел экономикасының  өркендеуін қамтамасыз етеміз. Ауыл тұрғындары үшін жылдық үстемақысы 2 жарым процент болатын несие беру өте жақсы мүмкіндік. Енді елдімекендерді аралап, тұрғындарға түсіндіріп, өз кәсібін ашуға ынталандыруымыз керек. Олар қайда барамын, қандай құжаттар қажет деген сұрақтарға алаңдамауы тиіс. Мамандардың ауылдарға барып жан-жақты көмек беруін ұйымдастыруға міндеттіміз. Тіпті, дайын бизнес жобаларды үлгі ретінде көрсеткен дұрыс.

Президент туризмды дамытуға қатысты да ойын айтты. Ақмола облысы үшін бұл жақсы мүмкіндік. Туризмді өркендету бұрыннан бері айтылып келеді, алайда проблемалар әлі де бар. Айтарлықтай жетістікке жеттік деп айта алмаймын. Сондықтан туризмді дамытудың жаңа жолдарын табу қажет.

Сондай-ақ, Мәжіліс пен мәслихаттардың тығыз байланыста болуы айтылды. Бұл жергілікті деңгейде шешілмеген мәселелерді республикалық деңгейде көтеруге, тиісінше, шешімін табуға көмектеседі деген пікірдемін.  Жалпы мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттар алдында нақты міндеттер қойды. Мәжіліс оларды уақытылы және сапалы орындайды деп сенемін.

 

 

Ермек Елберген 

Фото: azattyq-ruhy.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img