spot_img
Дүйсенбі, Қараша 23, 2026
4.2 C
Kokshetau

«Шексіз шығармашылық» Республикалық байқауына 250-ден астам ақмолалық оқушылар қатысты

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы аясында ерекше білім беруді қажет ететін балалар арасында «Шексіз шығармашылық» республикалық қашықтық байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты: ерекше білім беруді қажет ететін балалардың бейнелеу қызметіндегі, сәндік-қолданбалы өнердегі шығармашылық әлеуетін анықтау және ынталандыру, сондай-ақ шығармашылық қызметтерін ынталандыру және қолдау арқылы оларды әлеуметтік оңалту.

Ақмола облысынан шығармашылық байқауға Ақмола облысының 13 ауданнан, 3 қаладан, №19 ЖОББМ жалпы 255 оқушы қатысып, оның 54 жүлделі орындарға ие болды.

«Шексіз Шығармашылық» республикалық байқауы келесі 3 номинацияда өткізілді:
«Казақстан – менің алтын бесігім» суреттер байқауы;
«Алтын қолдар» сәндік-қолданбалы өнер;
«Шексіз әлем балалар көзімен» жеке шығармашылық өлеңдер байқауы.

Байқаудың қорытындысы, жеңімпаздардың дипломдары, олардың жетекшілеріне алғыс хаттар, қатысушылардың сертификаттары www.ziyatker.org сайтында орналастырылды.

Барлық қатысушыларды құттықтаймыз!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Мейірім мен жылу шаңырағы» атты салтанатты мерекелік кеш

Зағип және нашар көретін азаматтардың қалалық арнаулы кітапханасының 55 жылдық мерейтойы мен Халықаралық зағиптар күніне орай Қазақ зағиптар қоғамының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика