spot_img
Сейсенбі, Сәуір 30, 2024
4.8 C
Kokshetau

Облыс бойынша соттан тыс банкроттық туралы 350 өтініш түсті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы»  Қазақстан Республикасының Заңы тақырыбы бойынша брифинг өтті.

Шара барысында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Әсем Шәкірова 3 наурыздан бастап жеке тұлғаның банкроттығын көздейтін заң нормалары күшіне енгені туралы атап өтті, деп хабарлайды Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

Заңда рәсімдердің 3 түрін енгізу ұсынылды (соттан тыс банкроттығы, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру).

Бірінші рәсім: Соттан тыс банкроттық тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолданылуы мүмкін.

Бұл рәсімді қолдану үшін келесі шарттар орын алады:

  1. банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлар алдындағы берешек 5,5 млн теңгеден (1600 АЕК) аспаса;
  2. өтініш берген күннен бастап қатарынан 12–ай ішінде міндеттемелері өтелмеуі тиіс;
  3. мүлік, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлік жоқ болуы;
  4. банкпен берешектер бойынша жұмыс жүргізу;
  5. банкроттық 7 жыл бойы қолданылмау қажет.

Сонымен қатар, Заңмен:

  • 6 ай ішінде атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар үшін;
  • 5 жылдан астам уақыт қарызы өтелмеген азаматтар үшін ерекше жағдайлар қарастырылған.

Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға өтінішті «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына» келіп қана емес, мұны Егов, Халыққа қызмет көрсету орталығының  ақпараттық жүйесі, «Е-салық-Азамат» мобильдік қосымшасы арқылы да онлайн беруге болатынын білу маңызды.

Бұл азаматтарға ыңғайлы болу үшін жасалған. Өтініштерді қабылдау және борышкердің кіріс критерийлеріне сәйкестігі тұрғысынан мүдделі мемлекеттік және өзге де органдардың деректерімен автоматты түрде салыстыру ақпараттық жүйе арқылы жүргізіледі.

5,5 миллион теңгеден асатын қарыздар бойынша және басқа да берешек түрлері бойынша азаматтар сот банкроттығына жүгіне алады.

Сот банкроттығы мақсаты банкроттың мүліктік массасы есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру болып табылады.

Егер жалғыз тұрғын үй кепіл заты болып табылса, онда кредитор оны қайтарып алуға құқылы.

Жалғыз баспана кепіл болмаса, кредиторлар оны талап ете алмайды.

Қалған өтелмеген сома, егер борышкердің белгілері болмаса есептен шығаруға жатады.

Сот банкроттығы рәсімін қаржы басқарушылары жүзеге асырады, оның ішінде:

  • Заңды тұлғалар банкроттығы рәсіміндегі әкімшілер;
  • Кәсіби бухгалтерлер;
  • Заң консультанттары;
  • Аудиторлар.

Барлық борышкерлер қаржы басқарушыларының қызметтерін төлей алмайтынын назарға ала отырып, заң жобасында, мүлкі жоқ, әлеуметтік осал топтарына жататын адамдарға мемлекет есебінен ақы төлеу көзделген.

Үшінші рәсім – ол төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі, тұрақты табыс болған жағдайда, қарызды төлеу үшін (5 жылға дейін) сот тәртібімен бөліп төлеу жоспарын алу мүмкіндігін қарастырады.

Сауықтыру жоспары қаржы бақарушымен бірлесіп әзірленіп, сотпен бекітіледі.

Бұл процедураның артықшылығы, кейін адам «банкрот» деген мәртебесін алмайды, сондықтан банкрот үшін көзделген салдар оған қолданылмайды.

Барлық үш процедураны борышкердің өзі ғана бастайды, яғни несие берушінің борышкерді банкрот деп тануға құқығы жоқ.

Ең бастысы, азаматтар бұл несиелік есептен шығару емес екенін түсінуі керек, өйткені өзін банкрот деп тану келесі салдарға әкеледі:

* бес жыл ішінде несие ала алмайды (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа);

* қайта банкроттық жеті жылдан кейін ғана мүмкін болады;

* қаржылық жағдайы банкроттықтан кейін үш жыл бойы тексеріледі.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру кезінде мұндай салдар болмайды.

Банкроттыққа ұшырағаннан кейін азамат өзінің несиелік рейтингі төмендейтінін түсініп, барлық оң және теріс жақтарын өлшеу керек, яғни банкроттық туралы ойланып нақты шешім қабылдау қажет.

Спикер соңғы кездері әлеуметтік желілерде ақылы қызмет көрсету туралы жарияланымдарды орналастыру фактілері жиілеп кеткеніне жиналғандардың назарын аударды. Алаяқтардың азаматтарды банкротқа ұшыратуы үшін мұндай көздерге сенуге болмайды, өйткені соттан тыс банкроттық рәсімі (5,5 миллион теңгеден аспайтын қарыздар бойынша) мүлдем тегін рәсім болып табылады.

2023 жылғы 9 наурыздағы жағдай бойынша Ақмола облысы бойынша соттан тыс банкроттық туралы 350 өтініш түсті.

Шара барысында қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Достық пен татулықтың ордасы

Қаламыздағы «Достық және шығармашылық үйі» 2005 жылы ашылып, қалада құрылып жатқан этно-мәдени бірлестіктер мен ұлттық орталықтардың келісімі мен татулығының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img