spot_img
Жұма, Наурыз 29, 2024
3.2 C
Kokshetau

Қазақстанның тәжірибесі цифрландыру деңгейі төмен елдерге таратылуы мүмкін

Сондай-ақ...оқыңыз

азақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин АҚШ-та БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Бас хатшының технология мәселелері жөніндегі өкілі Амандип Сингх Гиллмен кездесті, деп хабарлайды Aqmolanews.

Министр бұл жайында Instagram парақшасында жазды.

«Кездесу барысында Қазақстандағы цифрлық саланың мәселелеріне тоқталдық, Гилл мырзаға цифрландыру саласында қандай жобаларды жүзеге асырып жатқанымыз, оның ішінде TechOrda бағдарламасы және IT маман даярлау, GovTech платформасын әзірлеу, сондай-ақ бірінші кезекте қызмет көрсету саласында «адамдарға бағдарлану» қағидасына назар аудара отырып, Көрінбейтін үкімет /Invisible Government жүйесін енгізіп жатқанымызды айттым»,- дейді Бағдат Мусин.

Оның айтуынша, Қазақстан цифрлық ынтымақтастықтың жол картасында баяндалған барлық бағыттар бойынша жұмыс істеп жатыр.

Қазақстандық делегация негізгі басымдықтың бірі ретінде жасанды интеллектің дамуын талқылап, Бас хатшының орынбасарына Smart Data Ukimet жүйесін таныстырған.

«Сондай-ақ, өз функцияларын жасанды интеллект және блокчейн сияқты озық цифрлық технологияларды пайдалануға байланысты цифрлық шешімдерді ұсынуға ғана емес, сонымен қатар осындай озық шешімдерді басқа да елдерге мүмкіндігінше ұсынуды көздейтін Цифрлық шешімдер орталығын құру идеясы туралы айттым. Кездесу соңында Гилл мырзаны Digital Bridge-2023 форумына қатысуға шақырдым», – деп жазады министр.

Бағдат Мусин БҰҰ-дағы іс-шаралар алаңында Халықаралық электр байланысы одағының басшысы Дорин Богдан-Мартинмен де кездескенін айтады.

Оның барысында цифрландыру деңгейі дамуды қажет ететін басқа елдерге Қазақстанның тәжірибесін бөлісу мүмкіндіктері талқыланған.

«Сонымен қатар, еліміздің басқа елдерге опенсорз форматында қазақстандық өнімдерді ілгерілетуді көздейтін Govstack бастамасына қосылуға дайын екенімізді жеткіздік. Жерді қашықтан зондтау мәселесін пысықтау бойынша еліміздің тәжірибесі талқыланды және оны басқа елдерге де тарату керек деген ойға келдік. Еліміздің аумағын байланыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді өзектендіру мәселесі жеке талқыланды»,-деп түйіндеді министр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қосшыда су тасқынының салдарынан көшелерін жағымсыз иіс бойлауда

Көктемгі су тасқынына дайындық туралы аудан-қала әкімдері мен олардың орынбасарларының беріп жатқан есептеріне жүгінсек, облыс қызыл суға 100 пайыз...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img