spot_img
Бейсенбі, Сәуір 18, 2024
21.2 C
Kokshetau

«Лидер» хореографиялық ансамблі «Ақ шағала» республикалық фестиваль – байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы атанды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы» 2023 жылдың 2-3 наурызында Республикалық хореграфиялық «Ақ шағала» фестиваль – байқауын облыстық кезеңін өткізді,- деп хабарлайды Ақмола облыстық мәдениет басқармасы.

Байқаудың мақсаты: білім алушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және әрі қарай дамыту бойынша жүйелі және мақсатты іс-шаралар жүргізу, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға тарту.

Байқауға Ақмола облысының 13 ауданы мен 3 қаласының би ұжымдары қатысты. Қатысушылар жалпы саны 128 оқушыны құрады.
Байқаудың қорытындысы бойынша төмендегі оқушылар жүлделі орындарға ие болды:
1 орын – Ерейментау ауданы, балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы, «Лидер» хореографиялық ансамблі;
2 орын – Қорғалжын ауданы, «Інжу» би ұжымы;
2 орын – Степногорск қ-сы, «Мерей» би ұжымы;
3 орын – Бурабай ауданы, Щучинск қ-сы «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы, «РОММАКС» би ұжымы;
3 орын – Көкшетау қ-сы, «Bolashag Saraiy», «Тұмар» би ұжымы;
3 орын – Жақсы ауданы, «Diamond girls» би ұжымы.

«Халықтық стильдегі би» номинациясында Есіл ауданының «Очарование» би ұжымы мақтау қағазымен атап өтілді.

Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталады. Олардың жетекшілеріне Ақмола облысы білім басқармасының алғыс хаттары табысталады. Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.

Құттықтаймыз!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық ардагерлер Жеңіс күніне 3 миллион теңгеден алады

Биыл   Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына орай облыс майдангерлеріне төленетін төлемақы ұлғайтылып, әрқайсысы 3 миллион теңгеден алады. Елімізде...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img