spot_img
Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
6.2 C
Kokshetau

«Жол саласына келгеніме еш өкінбеймін»,- Александра Денисенко

Сондай-ақ...оқыңыз

Александра Денисенко бүгін Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы Ақмола облыстық филиалының сапа жөніндегі менеджері болып жұмыс істейді. Александра өзі айтқандай, ол жол-құрылыс саласындағы жұмыс туралы армандаған жоқ, бірақ тағдыр оны осында әкелді. Енді ол өзін басқа салада елестете алмайды. Филиалдағы көп үрдістер қыздың жұмысына байланысты, бұл сараптаманың сапасы, сынақ зертханасын аккредиттациялау, қызметкерлердің біліктілік деңгейі.

«Жұмыс қызықты, мазмұнды, көп білімді, күш пен қуатты талап етеді. Бірақ, ең бастысы, менің жұмысқа деген қызығушылығым, ынтам бар. Бұл жерде әрдайым жаңаша оқып, өз біліктілігіңді арттырып, әріптестерің мен орталықтың жетекші мамандарының тәжірибесін алу керек. Мен үшін жол активтерінің Ұлттық сапа орталығында жұмыс істеу үлкен мәртебе, бұл жол саласындағы маңызды бағыт және баға жетпес тәжірибе», – дейді Александра Денисенко.

Маман және әріптес ретінде Александр командада жоғары бағаланады. Әріптестер оның жағдайды тез түсініп, адамдармен жұмыс істей алатындығын, кең дүниетанымын, жаңа білім мен тәжірибеге үнемі ұмтылатындығын ерекше атап өтті.

«Александра Денисенко біздің филиалдың жас және сауатты мамандарының бірі, бірнеше жыл жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде ол өзінің біліктілігі және жеке қасиеттері арқасында әріптестерінің құрметіне ие болды. Жалпы, бізде жол саласында адамзаттың әдемі жартысының көп өкілдері жұмыс істейді. Олар өте жауапты, маңызды учаскелерде еңбек етеді, біздің саланың дамуына үлкен үлес қосады», – деді Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы Ақмола облыстық филиалының директоры Талғат  Қайратхан.

Бүгінде Александра Денисенко жол-құрылыс саласында алғашқы қадамдарын жасап жатқан көптеген жас мамандарға үлгі. Жеткен жетістігінде тоқтап қалмақ емес. Ол өз біліктілігін, білім деңгейін одан әрі арттырып, жол саласындағы жұмысқа қажетті жаңа дағдыларды меңгеруді жоспарлап отыр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img