spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
16.2 C
Kokshetau

«Әйелдер қаласа, бағындырмас асулары жоқ»-, Марал Қанафина

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгінгі күн барша әлем үшін атаулы, ерекше күн. Себебі, бүгін халықаралық әйелдер күні! «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді»,- деп дана бабам бекер айтпаса керек. Шынымен де, қай заманда болмасын әйел адамы үйдің, ошақтың берекесін келтіріп, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеумен айналысты. Десе де ер адамнан кем де емес ерлік көрсеткендері жоқ емес. Елі үшін, туған жері үшін, халқы үшін жан аямай еңбек еткен арулар қаншама. Осы орайда, AqmolaNews ақпарат агенттігінің тілшісі назарларыңызға батыр ару, үлгілі ана, құтқарушы Қанафина Марал ханым туралы жазбаны  назарларыңызға ұсынады.

Қанафина Марал Қайырбекқызы 1977 жылдың 10  наурызында Зеренді ауданы Қызылтан ауылында дүниеге келген. Бүгінде бір ұлды тәрбиелеп отырған батыр ару 2003 жылы Көкшетау техникалық институтында қызмет жолын бастыған. 2007 жылы алғашқы арнайы шені табысталып, офицер атанды. Осылайша әскери атағы капитан шеніне дейін жеткен.

«Бұл салаға өзіме қатты ұнайды. Әрине жұмыс қиын. Біздің кәсіби біліктілігіміз бен қызметіміз адамдардың өмірімен байланысты. Төтенше жағдай кезінде батылдық, ептілік таныта білу аса маңызды. Ең бастысы байбаламға жол бермей, ақылмен әрекет ете білу қажет»- дейді кейіпкеріміз Марал Қанафина.

Әйел адам шын жүректен қаласа, қолынан келмейтіні жоқ,-деп  толықтырды сөзін. Марал Қайырбекқызының ойынша ауыр жұмыс әйелдерге арналмаған деген таптаурындар жойылуы қажет. Себебі, кез-келген адам өзі қалаған іспен айналысуға, қалаған мамандықта қызмет етуге толықтай құқылы. Кейіпкеріміз өз мамандығына ерекше құрметпен қарайды. Және қоғам үшін, халқы үшін қашан да көмек қолын созуға дайын.

«Бұл салаға келгеніме еш өкінбеймін. Ата-анам мен жақындарым да менің шешіміме құрметпен қарады»,-деп қорытындылады сөзін құтқарушы әйел.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img